ҚАРСЫЛАС АНЫҚТАЛДЫ! Руслан Мәдиев WBA ASIA атағын алғаш рет қорғайды
Жартылай орта салмақтағы WBA Asia чемпиондық белбеуі үшін болатын жекпе-жектің соңғы келісімдеріне қол жеткізілді. Осылайша 1 ақпанда Бангкокта (Таиландта) өткен бокс кешінде өнер көрсететін барлық қазақстандық боксшының қарсыласы анықталды.
Титулды алғаш рет қорғау
Белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев (16-2, 6 КО) Алматыда өткен бокс кешінде 66,7 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіп алған WBA Asia титулын алғаш рет қорғамақ. Айта кетейік, 21 қыркүйкете ол 10 раундтың қорытындысы бойынша ресейлік Тигран Согояннан (7-1-1, 4 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен сенімді жеңіске жеткен еді.
Енді қазақстандықтың қарсыласы Фикири Салум Мұхаммед (12-1-1, 11 КО) болады. Әлемге әйгілі BoxRec статистикалық интернет-ресурсының рейтингінде ол салмақ дәрежесіне қарамастан Танзанияның үздік 10 боксшысының қатарына кіреді.
Бангкоктағы бокс кеші
Руслан Мәдиевтің қарсыласы нақты анықталғандықтан, бокс кеші аясында келесі жұптар өнер көрсетеді:
66,7 келіге дейін. Руслан Мәдиев (16-2, 6 КО) – Фикири Салум Мұхаммед (12-1-1, 11 КО), Танзания.
53,3 келіге дейін. Елшат Нығметолла – Фласидус Нуно (10-1-2, 8 КО), Индонезия.
63,5 келіге дейін. Нұрдос Төлебай – Амирхоссейн Арзи (2-0, 2 КО), Иран.
72,6 келіге дейін. Армат Арманұлы – Хаб Ур Рехман (6-1, 5 КО), Пәкістан.
Осы төрт жекпе-жектің екеуі титулдық болады. Атап айтқанда Руслан Мәдиев WBA Asia чемпиондық белбеуін қорғаса, басқа отандық талантымыз Елшат Нығметолла дәл WBA Asia-ның бос белбеуі үшін сынған түседі. Біздің боксшыларға қарсы шығатын қарсыластар туралы толығырақ мына метериалыыздан біле аласыздар.
Төрешілер кім болады?
Осындай бокс кешіне байланысты WBA Asia ресми хабарламасын да жіберіп үлгерді, онда алдағы жекпе-жектің барлық қатысушылары көрсетілген. Яғни
Руслан Мәдиев (16-2, 6 КО), Қазақстан, чемпион - Фикири Салум Мұхаммед (12-1-1, 11 КО), Танзания, үміткер;
Рингтегі төреші: Пинит Прайадсаб (Таиланд);
Төрешілер: Чалерм Прайадсаб (Таиланд), Проммасе Чакшуракша (Таиланд), Карлос Коста (Панама).
Ресми хатқа WBA Asia Бас хатшысы Вон Ким (Корея) қол қойған. Ол 2025 жылдың 1 ақпанында Бангкокта өткен бокс кешінде титулдық жекпе-жектің жетекшісі болатынын да айта кетейік.
Еске салсақ, 1 ақпанда Бангкокта өтетін бокс кешін қазақстандық Irfin Promotions компаниясы таиландтық TL Boxing Promotion компаниясымен бірлесіп ұйымдастырады. Екі промоутерлік компания арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2024 жылдың желтоқсанында қол қойылды. Осы халықаралық әріптестік туралы мына метериалымыздан толық танысып-біле аласыздар.