Irfin Promotions ұйымдастырған бокс кеші - ЖАҢА БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРУ МҮМКІНДІГІ

2024 ж. 27 шілде
Irfin Promotions ұйымдастырған бокс кеші - ЖАҢА БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРУ МҮМКІНДІГІ

Өзінің бокс кешіне қазақстандық спортшыларды таңдай отырып, отандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясы белгілі боксшыларға өзін еске түсіруге, ал кәсіби шаршы алаңға енді шығып жүрген боксшыларға өзіне назар аударуға мүмкіндік береді.

Қалыптасқан схема

Irfin Promotions промоутерлік компаниясы биылғы екінші бокс кешін 21 қыркүйек күні (сенбі) Алматыда өткізуге дайындалып жатыр. 8 маусымда Шымкентте өткен бокс кешіндегідей, жекпе-жек бағдарламасы 8 жұп болады. Әдеттегідей әрбір жекпе-жекте қазақстандық қатысушы болады және оның қарсыласы алыс-жақын шетелден болмақ.

Компанияның мақсаты да өзгеріссіз қалады, яғни барша мүмкіндік белгілі отандық боксшыларға да, кәсіби бокста өз жолын енді ғана бастағандарға да беріледі.

Жаңа есімдер

Келісімшарт жасалғандардың ішінде көрермендер Шымкентте өткен Irfin Promotions бокс кешінде өзін бар жағынан көрсете білген бірқатар боксшыларды тағы да көрермен назарына ұсынбақ.

Мысалы Алматыдағы жекпе-жектің негізгі бағдарламасында екінші жеңіл салмақта (55,3 келіге дейін) тәжірибелі Елшат Нығметолла (19-0-1, 6 КО) өнер көрсетеді. Шымкентте ол Өзбекстаннан келген Сардор Усмоновқа айқын басымдығын көрсетіп, бірауыздан қабылдаған төрешілердің шешімімен ұпай бойынша сенімді жеңіске жеткен еді.

Әріптестік ары қарай жалғасады

Сондай-ақ 21 қыркүйекте Алматыда бірінші орта салмақта (69,9 келіге дейін) өнер көрсететін боксшы Әлішер Әбдуәлім де шаршы алаңға шығады. Оның кәсіби рингтегі дебюті Шымкентте өткен болатын. Алғашқы кездесуінде Әлішер қарсыласын үшінші рет нокдаунға жібергенде, төреші жекпе-жекті тоқтатқан еді. Мұның бәрі бірінші раундта болғанын айта кетейік.

Бір қызығы, қыркүйек айында Әбдуәлім өзінің екінші жекпе-жегін өткізсе де, ол 6 раундтық жекпе-жекке шығу туралы шешім қабылдады. Дебют кезінде ол 4 раундық форматқа шыққан болатын. Яғни ұйымдастырушылар мен боксшы командасы Әлішер 6 раундтық жекпе-жекке барынша дайын екенін сенімді.

Мықты мектеп

Ал бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Руслан Мәдиев (15-2, 6 КО) өнер көрсетеді. Ол бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келіге дейін) шаршы алаңға шығады. Шымкентте мұндай деңгейдегі боксшы болмағанын айта кетейік.

Руслан қазір - 31 жаста. Кәсіби рингте 2013 жылы дебют жасап, Қазақстанда алғашқы жекпе-жегін ғана өткізді. Кейінгі карьерасы АҚШ-та жалғасып, сол жақтан мықты мектепте шындалды. Оның бір дәлелі – GoldenBoyPromotions сияқты әлемдегі ең үздік әрі табысты промоутерлік компаниялардың бірімен келісшартқа отыруы.

Дайындық неғұрлым тыңғылықты болса, бокс соғұрлым жарқын болады

Жақын арада Irfin Promotions компаниясы 21 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсететін барлық қазақстандық спортшылармен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр. Сол кезде боксшылар да нақты жұмысқа кіріседі. Себебі дайындық неғұрлым тыңғылықты болса, бокс соғұрлым жарқын болады дегенді ұмытпауымыз керек.

Ал шетелдік боксшыларға келетін болсақ, олардың географиясы осыған дейінгі Irfin Promotions ұйымдастырған бокс кешінен еш кем болмайды. Мәселен Шымкентте Филиппин, Ресей, Моңғолия, Таиланд және Өзбекстан боксшылары өнер көрсеткенін еске сала кетейік.