Головкин – Мурата: шегінерге жол жоқ?

2021 ж. 13 қараша
Головкин – Мурата: шегінерге жол жоқ?

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қарсылас аумағында өткізеді. Жапонияда өтетін талас туралы шешім бұрын қабылданғанымен, ол ресми түрде тек қазір расталды.

Сонымен, 11 қарашада IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA Super чемпиондық белбеуінің иегері Рёта Мурата (16-2, 13 КО) шаршы алаңға шығатындарын ресми түрде растады. Жекпе-жек 29 желтоқсанда Күншығыс елінің астанасы – Токиодағы Saitama Super Arena-да өтеді деп жарияланды.

Бұған дейін қазақстандық боксшы соңғы рет 2016 жылдың 10 қыркүйегінде АҚШ-тан тыс – Ұлыбританияда өнер көрсеткен болатын. Ал енді ел сүйіктісі, WBA әлем және 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Рёта Муратаға қарсы Күншығыс елінде рингке шығады.

Головкин Saitama Super Arena-дағылардың барлығы дерлік өзінің отандасын қолдайтынын керемет түсінеді. Дегенмен, Геннадий мен оның айналасындағылар жаудың аумағында өнер көрсетуге шешім қабылдаған.

Соңғы уақытта қазақстандық былғары қолғап шеберінің ардагерлік 39-дағы жасына жұртшылық көп назар аударады. Алайда, Мурата одан небәрі 4 жасқа кіші. Сондай-ақ жапон боксшының көптен бері шаршы алаңға шықпағанын алға тартуға болады. Рёта екі жылға жуық уақыт бойы жекпе-жек өткізбеген.Ол соңғы рет 2019 жылдың 23 желтоқсанында жұдырықтасқан.

Головкиннің үзілісі қарсыласына қарағанда екі есе аз. Ол 2020 жылдың 18 желтоқсанында техникалық нокаутпен жетінші раундта IBF әлем чемпионы титулына ресми үміткер поляк Камил Шереметті жеңген болатын. Алайда, бұл жекпе-жекте Головкин мен Шереметтің деңгейі әр түрлі дәрежеде болды. Ал Рёта Мурата – бұл басқа деңгей. Дегенмен, таңдау жасалды, енді жекпе-жек күтеміз!