BoxRec нұсқасы бойынша Қазақстанның ТОП-10 боксшысы
Әйгілі BoxRec сайтының дерегі бойынша, қазіргі таңда кәсіпқой бокста 100-ге жуық қазақстандық боксшы жұдырықтасып жүр. RingKZ порталы аталған сайттың нұсқасы бойынша еліміздегі ТОП-10 боксшыны назарларыңызға ұсынады.
Негізінен кәсіпқой боксшылардың статистикалық мәліметтерін жүргізетін BoxRec интернет басылымы былғары қолғап шеберлерінің алдағы жекпе-жектері туралы да ақпарат таратады. Яғни, бокс кеші қай елде, қандай спорттық нысанда, кіммен жұдырықтасатынына дейін мәлімет ұсынады.
Сонымен қатар боксшылардың жекпе-жектеріне, қарсыластарына қарап олардың кездесулері қалай бағаланатынын, жекпе-жектен кейін рейтингте қай орынға дейін жоғарылағанын, төмендегенін де реттеп отырады. Егер боксшы бір жыл ішінде шаршы алаңға шықпаған болса, онда оны дереу рейтингтен алып тастайды. Бірақ боксшылар тізімінде қала береді. Сондықтан бір жылдан аса уақыт жұдырықтаспаған Садриддин Ахмедов пен Геннадий Головкин BoxRec рейтингіне енбей қалды.
BoxRec нұсқасы бойынша Қазақстанның ТОП-10 боксшысы
Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) - 72,6 кг дейін
Мейірім Нұрсұлтанов (17-0, 10 КО) - 72,6 кг дейін
Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) – 63,5 кг дейін
Батыржан Жүкембаев (23-1, 17 KO) – 63,5 кг дейін
Сұлтан Заурбек (18-0, 13 КО) – 59 кг дейін
Бекман Сойлыбаев (18-1, 9 КО) – 59 кг дейін
Сергей Липинец (17-3-1, 13 КО) – 63,5 кг дейін
Бек Нұрмағанбет (11-0, 9 КО) – 76,2 кг дейін
Әли Ахмедов(20-1, 15 KO) – 76,2 кг дейін
Жан Кособуцкий (19-1, 18 KO) – 90,7 дейін