"БІЗДІҢ БАТЫРЛАР": WBA сайты Irfin Promotions боксшыларының чемпиондық жеңістеріне пікір білдірді

WBA ұйымының ресми сайты жаңалықтар бөлімінде Бангкоктағы бокс кешінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшылар – Елшат Нығметолла мен Руслан Мадиевтің титулдық жеңістері туралы хабарлады.
Мақсат – тек алға!
1 ақпанда Таиланд астанасы Бангкокта өткен бокс кеші қазақстандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясының отандық боксшыларды шетелде таныту және ілгерілету жоспарын жүзеге асырудың бастауы болды.
WBA сайты Irfin Promotions-тың бұл бастамасын қолдағандай көрінді. Айта кетейік, WBA – кәсіпқой бокстың ең беделді ұйымдарының бірі.
Осы кеште төрт қазақстандық боксшы өнер көрсетіп, барлығы жеңіске жетті. Екі жекпе-жекте WBA Asia титулы сарапқа салынды.
«Айқын басымдықпен жеткен жеңістер»
Елшат Нығметолла (21-0-1, 8 КО) 53,5 келіге дейінгі салмақта WBA Asia чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Ол индонезиялық Фласидус Нуноны (10-2-2, 8 КО) 4-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
WBA сайты бұл жекпе-жекке «Yelshat Nikhemttolla Claims WBA Asia Bantamweight Title with Fourth-Round TKO» («Ельшат Нығметолла WBA Asia титулын төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп алды») деген мақала арнады. Материалға сілтеме.
Сайт Нығметолланың қарсыласынан басым болғанын «delivered a dominant performance» («айқын басымдықпен өнер көрсету») деп сипаттады.
Титулды қорғау
Руслан Мәдиев (17-2, 6 КО) 66,7 келіге дейінгі салмақтағы WBA Asia титулын бірінші рет сәтті қорғады. Ол 10 раундтық жекпе-жекте филиппиндік Али Канеганы (11-2-1, 7 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді – 96:93; 96:93; 98:91.
WBA сайты бұл жекпе-жекті «Madiyev Successfully Defends WBA Asia Title» («Мадиев WBA Asia титулын сәтті қорғады») деген тақырыппен жариялады. Материалға сілтеме.
Тартысты жеңіс
WBA мақаласында бұл жекпе-жек «The bout was competitive from start to finish» («Бой басынан аяғына дейін тартысты өтті») деп сипатталған.
Сондықтан сайт Мәдиевтің жеңісін «hard-fought unanimous decision victory» («Қазақстандық боксшының төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген тартысты жеңісі») деп бағалады.