Бекман Сойлыбаевтың келесі айқасы Лас-Вегаста өтеді

2017 ж. 22 қыркүйек
Бекман Сойлыбаевтың келесі айқасы Лас-Вегаста өтеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың шаршы алаңға шығатын нақты күні белгілі болды.

Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International белбеуінің иегері өзінің чемпиондық атағын 19 қазан күні қорғайды. Қарсыласы алдағы аптада белгілі болады деп күтілуде.

Жекпе-жек Америкадағы ең әйгілі бокс ареналарының бірі Лас Вегастың Monte Carlo Resort and Casino залында өтеді. Мұнда өзінің айқастарын негізінен Джесси Варгас, Джесси Магдалено, Баду Джек сынды боксшылар өткізіп жүр.

Айта кетейік, бұған дейін Бекман ешқашан Лас-Вегаста жұдырықтасып көрмеген. Бұл оның кәсіпқой шаршы алаңдағы 12-ші айқасы болмақ. Бұған дейінгілерінің барлығын жерлесіміз жеңіспен аяқтаған. Еншісінде WBC International чемпиондық белбеуі бар.

Қазір «Diamond Ring» боксшысы Лос-Анджелестегі Wild Card West бокс залында әйгілі маман Эрик Браунның қарамағында жаттығып жүр.

Текст: Sadvakas Maikibayev