Бекман Сойлыбаев – Геннадий Головкиннен кейін Джейкобс қатты күшейіп кетті

2017 ж. 11 қараша
Бекман Сойлыбаев – Геннадий Головкиннен кейін Джейкобс қатты күшейіп кетті

Ертең АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Геннадий Головкиннің экс-қарсыласы Дэниел Джэйкобс пен кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген америкалық Луис Араис шаршы алаңға шығады.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобстың арасындағы жекпе-жек 18 наурызда өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша жерлесіміз жеңіске жеткен болатын.

Головкиннен ұтылып қалса да Дэниел Джейкобс сол жекпе-жектен үлкен тәжірибе жинады. Қазір әлемде орта салмақта Геннадийден кейінгі екінші орында осы Джейкобс тұр ғой. Сондықтан, ертеңгі айқаста жеңіске жетеді деп ойлаймын. Нокаут көріп қалуымыз да мүмкін. Бірақ, Луис Араис та оңай шағылар жаңғақ емес секілді. Ұрып алам деп жүр ғой. Аса бір мықтылармен кездеспесе де, барлық айқастарында жеңіске жетіп жүр екен. Біраз қарсылық көрсетуі мүмкін, – деді Бекман Сойлыбаев.

Ал Сойлыбаевтың өзі соңғы айқасы 19 қазан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізіп, мексикалық Фернандо Варгасты жеңген болатын. Бүгінде 27 жасар боксшы кәсіпқой шаршы алаңда 12 айқас өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Төрт қарсыласын нокаутпен жеңген. Еншісінде WBC International және WBA NABA чемпиондық белбеулері бар.

Текст: Sadvakas Maikibayev