​Азия чемпионаты: Қазақстанның боксшы ұл-қыздары 9 алтын медаль жеңіп алды

2024 ж. 11 желтоқсан
​Азия чемпионаты: Қазақстанның боксшы ұл-қыздары 9 алтын медаль жеңіп алды

Бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионаты аяқталды. Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан бейресми жалпы командалық есепте Өзбекстанға есе жіберіп, екінші орын алды.

Біздің жігіттерге 4 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлде бұйырды. Өкініштісі, финалда 9 боксшының бесеуі өзбекстандық қарсыластарына есе жіберді.

Атап айтсақ:

48 келі. Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиевтен (Өзбекстан) жеңілді.

57 келі. Оразбек Асылқұлов Миразизбек Мирзахалиловтан (Өзбекстан) жеңілді.

67 келі. Дулат Бекбауов Мужбилло Турсуновтан(Өзбекстан) жеңілді.

71 келі. Абылайхан Жүсіпов Хавабеку Асадулаевтан (Өзбекстан) жеңілді.

75 келі. Диас Молжігітов Джавоххир Умматалиевтан (Өзбекстан) жеңілді.

Алтын алған боксшылар:

54 келі. Махмұд Сабырхан финалда өзбек боксшысы Шахзод Музафаровты жеңді;

86 келі. Бекзат Нұрдәулетов финалда Жасурбек Юлдошевты жеңді;

92 келі. Сағындық Тоғамбай финалда тәжік боксшысы Парвиз Каримовты жеңді;

+92 келі. Айбек Оралбай финалда Абудурешит Ремуланы жеңді.

Жалпы командалық есепте 8 алтын, 2 күміс, бір қола медалі бар Өзбекстан топ жарды. Қазақстан 4 алтын, 5 күміс, бір қоламен екінші орында. Үздік үштікті 1 алтын, бір күміс, 3 қола Тәжікстан түйіндеді.

Ал бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшылары Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында 5 алтын медаль жеңіп алды. Біздің спортшылар финалға шыққан барлық бес кездесуді жеңіспен аяқтады.

Мәселен 81 келіден жоғары салмақта Елдана Тәліпова Өзбекстаннан барған Олтиной Сотимбоеваға қарсы қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз үш раундтың бәрінде жеңіске жетті.

Сондай-ақ Азия чемпионатын алтын медальмен аяқтағандар: Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (63 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Гүлсая Ержан (81 келіге дейін).

Сонымен қатар құрлық біріншілігінде Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін), Жазира Орақбаева (52 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Милана Сафронова (66 келіге дейін) және Диана Мағауияева (75 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Фото: ҰОК