Альварес VS Ковалев: ресейлік жартылай орта салмақтағы WBO белбеуін қайтарып алды

2019 ж. 3 ақпан
Альварес VS Ковалев: ресейлік  жартылай орта салмақтағы WBO белбеуін қайтарып алды

Жартылай ауыр салмақтағы ресейлік Сергей Ковалев  (33-3-1, 28 KOs) әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.

Кеше кешке АҚШ-тың Фриско қалашығынның The Ford Center аренасында 175 фунтқа (79,378 кг) дейінгі дивизионның оза шапқандары – кубалық Элейдер Storm Альварес пен ресейлік Сергей Krusher  Ковалев арасындағы көптен күткен матч-реванш өтті. Титулдық кездесу кәсіпқой бокс кешінің айтулы оқиғасы болды. Қарсыластар жоспарланған 12 раунд бойы өнер көрсетті. Бұл жолы бокс сүйер қауым алдына мүлдем басқа «Крашер» шықты. Ресейлік боксшы тек тамаша физикалық дайындығымен емес, жекпе-жек үшін таңдап алған тактикасымен жұртты таңғалдырды. Айқастың бірінші жартысында Ковалев қарсыласын қашықтықта ұстап, джеб пен тіке бағытталған оң қол соққысымен шайқастың барысын бақылады. Ал, 6-8 раунд аралығында ресейлік былғары қолғап шебері шаршап, тіпті жанкүйерлерде бірінші жекпе-жектің сценарийі қайталатындай ой туды. Бірақ,чемпиондық раундтарда ресейліктің екінші демі ашылғандай болды. Сергейдің Альваресті нокаутқа түсіретін мүмкіндігі болса да, ол тәуекелге бел бумағанды жөн көрді. 120-108, 116-112 және 116-112 қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті біраудан Ковалевке берді. WBO тұжырымы бойынша үшінші мәрте титулды иеленген жаңа чемпионға матч-реванш рингтегі 33-ші жеңісті сыйлады. Ресейлік боксшы тек 3 мәрте шаршы алаңда есе жіберген (екеуін Эндри Уордқа).

34 жастағы Альварес (24-1, 12 KOs) кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліп, жарты жыл иемденген чемпиондық титулынан айырылды. Өткен жылдың тамызында кубалық «Шторм» ресейлік «Крашерді» үш рет сүріндіріп, 7-ші раундта нокаутпен жеңген болатын.