​Алматыдағы WBA Asia атағы үшін жекпе-жек қай жерде өтетіні белгілі болды

2024 ж. 4 қыркүйек
​Алматыдағы WBA Asia атағы үшін жекпе-жек қай жерде өтетіні белгілі болды

RingKZ порталы 21 қыркүйекте Алматыда өтетін Irfin Promotions промоутерлік компаниясының бокс кеші туралы ақпарат ұсынуды жалғастырады. Бүгін бокс кешінің басты оқиғасы - жартылай орта салмақтағы WBA Asia чемпиондық белбеуі үшін талас өтетін Sadu Arena аренасы турады жан-жақты мәлімет ұсынады.

Бағдарламада үш құрлықтың боксшысы болады

21 қыркүйекте Алматыда қазақстандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясы соңғы 3,5 айда өзінің екінші бокс кешін өткізбек. Бағдарламада 8 жекпе-жек қарастырылған, ал олардың әрқайсысында қазақстандық боксшыға қарсы шетелдік спортшы шығады. Жалпы сегіз кездесудің бесеуі preliminaries аясында болса, қалған 3 орталық жекпе-жек maincard дәрежесін өтеді.

Бокс кешінің қызығын қыздыруға спортшылар үш құрлықтан, Еуропа, Азия және Африкадан жиналған. Қазірге дейін Тайланд, Қазақстан, Ресей, Танзания, Өзбекстан, Қырғызстан және Үндістанның боксшылары келісімшарт жасап, қатысуын растады.

Қазақстандық 8 қатысушының арасында Азия және әлем чемпионаттары сияқты әуесқой бокстың беделді турнирлерде қалың көпшілікке танымал болған боксшылар да, кәсіпқой рингте аты шығып үлгерген тәжірибелі спортшылар да бар.

Басты оқиғалар

21 қыркүйекте Алматыда Irfin Promotions бокс кешінің басты оқиғасы Тайландтан келген WBA Asia титулының қазіргі иегері Киттисак Клинсон (8-1, 5 КО) мен белбеуге үміткер, қазақстандық Руслан Мадиев (15-2, 6 КО) арасындағы 66,7 келіге дейінгі салмақтағы чемпиондық жекпе-жек болады.

Main card аясында тағы екі танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы жұдырықтасады. Ершат Нығметолла (19-0-1, 6 КО) танзаниялық Мухсин Кизотамен (20-5, 12 КО) кездессе, Нұрдос Төлебайдан (12-0, 10 КО) өзбекстандық Ұлықбек Каюмбоевпен (6-0, 5 КО) жекпе-жек өткізеді.

Өткізу орны

21 қыркүйекте Алматыда бокс кеші қаланың жоғарғы бөлігінде Әл-Фараби даңғылының жанында, Әл-Фараби даңғылы, 128/7 Б мекенжайында орналасқан Sadu Arena деген жерде ұйымдастырылады.

Бұл спорттық ғимараттың сипаттамасында оның заманауи стандарттарға сәйкес жабдықталғандығы және ауданы 6 мың шаршы метрден асатын 4 деңгейлі ғимарат екендігі көрсетілген.

Негізгі спорт залында 590 орындық классикалық трибунасы мен 336 орындық жылжымалы трибунасы бар. Сонымен қатар, 35 адамға арналған VIP трибунасы тағы бар.

RingKZ порталы бокс кешін өткізудің бірнеше нұсқасы қарастырылғанын және таңдау Sadu Arena-ға бекер түспегеніне назар аударады. Себебі бұл арена бокс кештерін өткізуге және көрермендер үшін ең ыңғайлы әрі жайлы орын ретінде таңдалды.

21 қыркүйекте Алматыда өтетін Irfin Promotions бокс кешінің қазақстандық қатысушылары туралы қосымша ақпаратты RingKZ порталының мақалаларынан білуге болады. Атап айтқанда материалдарын оқуға болады.

Текст: Admin Admin
Тегтер: Алматы