Алматыдағы Irfin Promotions бокс кешінің БАРЛЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ
Ringkz.com порталына 21 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешінің барлық шетелдік қатысушыларымен келісімшарт жасалғаны белгілі болды. Кешті ұйымдастырушы қазақстандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясы екенін айта кетейік.
Бәсекеге толы кездесулер
Ringkz.com бұған дейін хабарлағандай, 21 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешінің бағдарламасында 8 жекпе-жек болады. Кештің басты қызығы, әр кездесуде қазақстандық боксшыға шетелден келген спортшы қарсы тұрады.
Осы аптаға дейін ұйымдастырушы отандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясы өзінің Instagram парақшасында 7 кездесудің қатысушысын таныстырған еді. Оның ішінде 3 орталық жекпе-жек туралы толық ақпарат ұсынды. Ал 8-ші шетелдік боксшының аты аталмады, себебі ұйымдастырушылар онымен келісімшартқа қол қоюды күтті.
Сонымен 21 қыркүйектегі бокс кешінің бірінші бөлігін кәсіби рингте 1-2 жекпе-жек өткізген қызықты қазақстандық боксшылар шығады. Олар үшін бұл сынақ полигоны іспеттес болмақ. Оның үстіне, олардың үшеуіне өте тәжірибелі қарсыластар шығады, олардың есебінде 10-нан астам жекпе-жек бар екенін ұмытпау қажет.
Main card бөліміне келетін болсақ, барлық үш орталық жекпе-жек өте тартысты болуы мүмкін. Мамандар қазақстандық боксшылардың қарсыластарымен танысқаннан кейін дәл осындай пікір айтады.
Preliminaries - орталық жекпе-жекке дейінгі кездесулер
1. Жеңіл салмақ - 61,2 келіге дейін, 4 раунд
Саматәлі Төлтаев (2-0), Қазақстан - Магомедрасул Омаров (2-0, 1 КО), Ресей
2. Орташа салмақ - 72,5 келіге дейін, 4 раунд
Армат Арманұлы (0-1) - Анвар Тұрапов (9-4, 6 КО), Өзбекстан
3. Екінші жеңіл салмақ - 59 келіге дейін, 6 раунд
Әділет Құрметов (2-0) - Вишал Құмар (3-1-1, 2 КО), Үндістан
4. Жартылай орта салмақ - 66,7 келіге дейін, 6 раунд
Әлішер Әбдуәлім (1-0, 1 КО) – Иракли Геранашвили (16-15-6,8 КО), Грузия
5. Бірінші жартылай орта салмақ - 63,5 келіге дейін, 6 раунд
Санатәлі Төлтаев (1-0, 1 КО) – Сардар Атакишиев (11-1, 8 КО), Қырғызстан
Main card – орталық жекпе-жектер
6. Бірінші жартылай орта салмақ - 63,5 келігей дейін, 6 раунд
Нұрдос Төлебай (12-0, 10 КО) – Ұлықбек Қайымбоев (6-0, 5 КО), Өзбекстан
7. Ең жеңіл салмақ - 53,5 келіге дейін, 8 раунд
Елшат Нығметолла (19-0-1, 6 КО) – Мухсин Кизота (20-5, 12 КО), Танзания
8. WBA Asia атағы үшін жартылай орта салмақтағы жекпе-жек, 66,7 келіге дейін, 10 раунд
Руслан Мадиев (15-2, 6 КО) – Киттисак Клинсон (8-1, 5 КО), Таиланд
P. S. Осылайша 21 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешіндегі қазақстандық боксшылардың қарсыластар географиясы келесідей: 2 боксшы – Өзбекстаннан және біреуден – Үндістаннан, Ресейден, Қырғызстаннан, Грузиядан, Танзаниядан және Таиландтан