Айдар Шәрібаевтың қарсыласы анықталды.

2017 ж. 24 қазан
Айдар Шәрібаевтың қарсыласы анықталды.

 

  Бокс жанкүйерлері асыға күткен тағы бір жекпе-жек жақындап келеді. Алматылық боксшы Айдар Шәрібаев (6-5,5 КО)  қазанның 28-і күні кәсіпқой рингтегі жетінші кездесуін өткізеді. Қарсыласы  Колумбиялық Карлос Падилья Меза (16-6-1, 10 КО)

Фото с сайта boxrec.com

Бокс кеші Американың Коннектикут штатына қарасты Машантакет қаласындағы «Foxwoods Resort Casino»  кешенінде өтеді. Кәсіпқой боксқа 2010-шы жылы келген 28-жастағы Карлос Падилья осы уақытқа дейін 23 жекпе-жек өткізіп, соның 16-сында жеңіске жеткен. 6 кездесуде қарсыластарына есе жіберсе, біреуінде тең түскен. «Қарсыласымды бүгін ғана біліп жатырмын. Соңғы кездесуін осы жылдың тамыз айында Америкалық Остин Дулаймен өткізіпті. Тәжірибесі өз алдына, өте төзімді екен. Қара күшке ие қара жігіттің осал тұстарын да байқадым. Енді барлығын шаршы алаң көрсетеді», -дейді Айдар Шәрібаев.  Естеріңізге сала кетейік бұған дейін кәсіпқой бокста алты кездесу өткізген  Айдар Шәрібаев барлығында жеңіске жеткен болатын. Төрт ай бойы Майамиде тер төгіп жүрген жерлесіміз бұл жолы да өз жанкүйерлерін қуантады деген үміттеміз.

Текст: Sadvakas Maikibayev