Айдар Шәрібаев чемпиондық белбеуге таласады

2017 ж. 14 сәуір
Айдар Шәрібаев чемпиондық белбеуге таласады

Қазақстандық тарланбоз Айлар Шәрібаев өзінің келесі жекпе-жегін чемпиондық белбеу үшін өткізеді. Айқас 22 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында үлкен кәсіпқой бокс кеші аясында өтеді.

Қарсыласы да анықталып қойды. Жерлесіміз бұл жекпе-жекте америкалық Захария Рэмсимен жұдырықтасады. Қалың бокссүйер қауымға Зак Рэмси атымен танымал 27 жасар америкалық боксшы кәсіпқой бокста тоғыз айқас өткізіп, сегізінде жеңіске жеткен. Төрт қарсыласын нокаутпен жеңген. Бір-ақ рет жеңілістің кермек дәмін татыпты.

Сонымен, 22 сәуірде Айдар Шәрібаев пен Зак Рэмси жеңіл салмақ дәрежесінде WBA NABA вакантты белбеуіне таласады.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жекпе-жегін 17 наурыз күні Майамиде өткізген Шәрібаевтің еншісінде бес айқаста бес жеңіс бар. Төрт қарсыласын нокаутпен жеңген ол бүгінде чемпиондық айқасқа кубалық маман Осмири Фернандестің қарамағында дайындалуда.

Текст: Sadvakas Maikibayev