Айдар Шәрібаев БАҚ өкілдерін шақырадыАйдар Шəрібаев БАҚ өкілдері жəне жанкүйерлермен кездеседі

2017 ж. 13 маусым
Айдар Шәрібаев БАҚ өкілдерін шақырадыАйдар Шəрібаев БАҚ өкілдері жəне жанкүйерлермен кездеседі

Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев оқу-жаттығу жиыны үшін АҚШ-қа қайта аттанады.

Боксшы өзінің кезекті сапарының алдында 15 маусым күні сағат 12:00-де Алматыдағы «Aidar Classis» бокс залында БАҚ өкілдерімен кездеседі. Бокс залы Мақатаев көшесіндегі 51-ші үйде орналасқан (3 қабат).

Кездесуге Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті, қазақстандық әйгілі боксшы Виктор Леонидович Демьяненко да қатысады. Ол қазақстандық боксшылардың шетелдегі жекпе-жектері мен Қазақстанда кәсіпқой бокс кешін өткізу жоспары туралы әңгімелейді.

Естеріңізге сала кетейік, Айдар Шәрібаев кәсіпқой бокстағы карьерасын 2014 жылы бастаған. Содан бері алты рет шаршы алаңға шығып, бәрінде жеңіске жеткен. Соның ішінде бес қарсыласын нокаутқа түсірген. 2017 жылы Айдар Америка жұртшылығының алдында дебюттік айқастарын өткізіп, алдымен мексикалық Габино Котаны, одан кейін никарагуалық Орландо Ризоны нокаутпен ұтқан.

Бүгінгі таңда Айдар дайындалатын оқу-жаттығу базасы Майамиде орналасқан. Кубалық әйгілі маман Осмири Фернандестің қарамағында жаттығып жүр. Ал спарринг-серіктестерінің қатарында Люк Кэмпбелл, Юриоркус Гамоа сынды Олимпиада чемпиондары мен тағы басқа әлем боксының шеберлері бар.

Өзінің алдағы жоспарлары жайында Айдар БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтып беретін болады.

Текст: Sadvakas Maikibayev