Айдар Шәрібаев Алматыда жас жанкүйерлерімен кездесті

2017 ж. 21 қараша
Айдар Шәрібаев Алматыда жас жанкүйерлерімен кездесті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев Алматыда жас жанкүйерлерімен кездесіп қайтты.

Ақын Мейірбек Болатбекұлымен бірге №168 мектеп-гимназиясының 200-ге жуық оқушысымен кездескен Айдар Шәрібаев жас жанкүйерлерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, қызықты кездесу өткізіп қайтты.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жекпе-жегін қарашаның басында АҚШ-та колумбиялық Даулис Прескоттке қарсы өткізіп, сегіз раундқа жоспарланған айқасты біріншісінде-ақ нокаутпен аяқтады.

Осы айқастан кейін Айдардың кәсіпқой бокстағы жекпе-жектерінің саны жетеуге жетіп, Diаmond Ring боксшысы бәрінде жеңіске жетіп отыр. Оның алтауында жерлесіміз қарсыластарын нокаутпен ұтқан.

Текст: Sadvakas Maikibayev