Абылайхан Құсайынов Мексика боксшысын нокаутқа түсірді

2020 ж. 16 ақпан
Абылайхан Құсайынов Мексика боксшысын нокаутқа түсірді

Кәсіпқой бокста әлі жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген Абылайхан Құсайынов (11-0, 8 KO) бүгін Мексиканың тәжірибелі тарланы Мауро Лоретомен жұдырық түйістірді. Бұл жекпе-жек қарсыласының отанында, нақтырақ айтқанда, Тихуана қаласында өтті.

Жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жекте Абылайхан қарсыласын бесінші раундта оң қолымен ұрып, шалқасынан түсірді. Тәжірибелі Мауроның (20-11-2, 8 KO) жекпе-жекті жалғастырар зауқы болмай, төреші бұл кездесуді тоқтатты. Сөйтіп ол өз карьерасында жетінші рет нокаутпен ұтылды.

Бірақ беделді BoxRec сайты бұл жекпе-жектің қорытындысын өз деректеріне әлі енгізген жоқ. Алдағы уақытта енгізер деген ниеттеміз. Естеріңізге сала кетейік, Абылайхан желтоқсан айында «Eye of Tiger Management» промоутерлік компаниясымен келісімшартын үзген. Қазір ол АҚШ-та жаттығып жүр.