​Шымкенттегі кәсіби бокс кешінің құрметті қонағы атақты Костя Цзю болады

6 июня 2024 г.
​Шымкенттегі кәсіби бокс кешінің құрметті қонағы атақты Костя Цзю болады
Фото: Instagram/kostyatsziu

8 маусым күні сағат 19:00-де Шымкент қаласының "Көрме" орталығында кәсіби бокс кеші өтеді. Оның аясында Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін талантты боксшылары алыс және жақын шет елдердің тәжірибелі қарсыластарымен жекпе-жек өткізеді.

Іс-шараның құрметті қонағы Костя Цзю болады. Константин Цзюді қалың көпшілік кәсіпқой бокстағы жарқын карьерасы жақсы біледі. Десе де айта кетейік, ол 1969 жылы 19 қыркүйекте Свердлов облысында (КСРО) туған. Кеңестік, ресейлік және кейін австралиялық боксшы, КСРО-ның үш дүркін чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы және әуесқойлар арасында әлем чемпионы.

Әуесқойлар арасындағы осыншалықты табысты мансаптан кейін кәсіпқойларға ауысып, абсолютті әлем чемпионы (WBC/WBA/IBF бойынша) атанады. Әлем чемпионы атағы үшін 14 боксшыны жеңген.

Pound for Pound рейтингіндегі ең жақсы позиция 3-орын (2004) болды. Ол BoxRec нұсқасы бойынша 453,8 ұпаймен салмақ дәрежесіне қарамастан барлық уақыттағы ең үздік боксшылар рейтингінде 51-орында тұр. Ал 2011 жылы оның аты халықаралық бокс даңқ залына енгізілген.

Irfin Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын турнир аясында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Филиппин, Тайланд, Моңғолия және Қытайдан келген мықты боксшылардың қатысуымен 8 жекпе-жек өтеді.

Басты кардта жеңілмеген қазақстандық, Түркістанның тумасы Нұрдос Төлебай (11-0, 9 КО) жеңіл салмақтағы Таиландтың қазіргі чемпионы Анусон Тнонглуангпен (20-4-1, 16 КО) кездеседі.

Екінші басты жекпе-жекте қазақстандық Елшат Нығметолла (18-0-1, 6 КО) мен өзбекстандық Сарвар Усмонов (5-2, 4 КО) кездеседі. Жекпе-жек екінші жеңіл салмақ аясында өтеді.

Ал басты кардты ақтаулық Самат Жетібаев (6-0, 4 КО) пен WBA және WBC нұсқалары бойынша Азия чемпионы, филиппиндік Адриан Лерасан (13-6, 6 КО) ашады. BoxRec әлемдік рейтингінде аты аңызға айналған Мэнни Пакьяоның жерлесі қазақстандықтың боксшыдан 100 позицияға жоғары тұр.

Басты кардқа дейінгі кеш көркін қыздыратын 5 жекпе-жек өтеді. Кездесулер 3 минуттық 4 раундқа созылады.

Бірінші жекпе-жекте қазақстандық Бауыржан Бекмұрзаев (1-0, 1 КО) Өзбекстаннан келген Дилмуроджон Тошхужаевпен (2-0, 1 КО) кездеседі.

Одан кейін шаршы алаңға қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қалдыбек Қалдан мен моңғол спортшысы Баасандорж Батчулуун шығып, өздерінің кәсіби дебютін жасайды.

Азия чемпионатының жүлдегері қазақстандық Әлішер Әбдуәлім де кәсіби бокстағы дебютін жасап, алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ол Қытайдан келген тәжірибелі Ван Даконг (8-3-1, 1 КО) қолғап түйістіреді.

Әлі жеңіліп көрмеген Жолдас Жеңісов (6-0, 2 КО) рингте атақты өзбекстандық боксшы Шочбозбек Толибжоновпен (2-0, 1 КО) кездеседі. Айта кетейік, ол әуесқойлар арасында ел біріншілігін бірнеше рет жеңіп алған боксшы.

Осыдан кейін рингке тағы бір дебютант Армат Арманұлы мен ресейлік Никита Горшков (6-1, 1 КО) шығып, алдын- ала карды жабады.

Бұл спорттық іс-шараны тікелей эфирде SPORT+ Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.

Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымда.

Осы іс-шара аясында 7 маусым күні сағат 15.00-де "Shymkent Plaza" сауда орталығында өлшеу рәсімі мен көзқарас дуэлі өтеді.

Бокс кешінің қатысушылары туралы толығырақ «RingKZ Шымкенттегі бокс кешінің қатысушыларын ұсынады» мақаласынан, ал жекпе-жектері негізгі кардқа енген қазақ боксшылары туралы «Шымкенттегі бокс кешінің басты кардында кімдер кездеседі» мақаласынан оқи аласыз.