Шымкенттегі бокс кешінің алдында боксшылар көз арбасты
Бүгін Шымкент қаласындағы «Шымкент Plaza» сауда орталығында боксшылар салмақ өлшеп, көз арбасу процесін өткізді.
Irfin Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын турнир аясында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Филиппин, Тайланд, Моңғолия және Қытайдан келген мықты боксшылардың қатысуымен сегіз жекпе-жек өтеді.
Осы кәсіби бокс кешінде өнер көрсететін боксшылардың тізімі мен ресми салмақтары:
Бауыржан Бекмұрзаев (Қазақстан) 61,2 кг – Дильмуроджон Тошхуджаевпен (Өзбекстан).
Қалдыбек Қалдан (Қазақстан) 72,5 кг – Баасандорж Батчулуун (Моңғолия). Бұл – Қалданның дебют жекпе-жегі болмақ.
Әлішер Аблулалим (Қазақстан) 69,8 кг – Даконг Ванг (Қытай) жұдырық алмасады.
Жолдас Жеңісов (Қазақстан) 57,1 кг – Шохбоз Толибжонов (Өзбекстан) 57,7.
Армат Арманұлы (Қазақстан) 76,2 кг – Никита Горшков (Ресей) 75,4 кг.
Айта кету керек, бұл 5 жекпе-жектің әрқайсысы үш минуттан тұратын 4 раундқа жоспарланған.
Бас кардты Ершат Нығметолла (18-0-1, 6 КО) мен өзбекстандық Сарвар Усмонов (5-2, 4 КО) ашып береді. Салмақ өлшеуде Нығметолла – 55,3, Усмонов.
Екінші басты жекпе-жекте шары алаңға шығатын ақтаулық Самат Жетібаевтың салмағы – 53,5 кг, филиппиндік қарсыласы Адриан Лерасан (13-6, 6 КО).
Ал кештің негізгі жекпе-жегінде өнер көрсететін Түркістанның тумасы Нұрдос Төлебай салмақ өлшеуде 66,6 келіні көрсетсе, таиландтық қарсыласы Анусон Зонлюангтың салмағы – .
Бұл үш жекпе-жек үш минуттан алты раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, кәсіби бокс кеші 8 маусым күні сағат 19:00-де Шымкент қаласының "Көрме" орталығында өтеді. Іс-шараның құрметті қонағы – Цзю Константин Борисович.
Спорттық іс-шараны тікелей эфирде SPORT+ Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.
Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымда.
Бокс кешінің қатысушылары туралы толығырақ «RingKZ Шымкенттегі бокс кешінің қатысушыларын ұсынады» мақаласынан, ал жекпе-жектері негізгі кардқа енген қазақ боксшылары туралы «Шымкенттегі бокс кешінің басты кардында кімдер кездеседі» мақаласынан оқи аласыз.