ЖОЙҚЫН НОКАУТ немесе Нұрдос Төлебайдың жаңа жекпе-жегінен не күтеміз
Қазақстандық боксшы Нұрдос Төлебай отандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатқан екінші бокс кешіне қатысуға келісімшарт жасады. RingKZ порталы қазір мұндай ынтымақтастық кімге тиімді екендігі талдап, өз пікірін ұсынды.
Есте алатын мезеттер
21 қыркүйекте Алматыда Irfin Promotions промоутерлік компаниясы биылғы екінші бокс кешін ұйымдастырады. Осыған дейінгі кеш 8 маусымда Шымкентте өткен еді. Онда қазақстандық боксшыларға Тайланд, Ресей, Филиппин, Өзбекстан және Моңғолиядан келген қарсыластар қарсы тұрды. Осыған қоса 8 жекпе-жектің үшеуінде қонақтар ринг қожайындарын жеңген болаты. Бұл объективті төрешілік пен көрермендерге деген құрметтің болғанын айтады.
Шымкенттегі бокс кешінің басты жекпе-жегінде Нұрдос Төлебай (12-0, 10 КО) тайландтық Анусон Тонглуангты (21-5-1, 16 КО) екінші раундта нокаутқа жіберіп, айқын әрі жарқын жеңіске жетті. Қазақстандық үшін бұл мерейтойлық 10-шы нокаут болды, ал тайландтық боксшысы үшін бұл бесінші жеңіліс болды.
Кәсіпқой бокстың қиындығы
Қазір Нұрдос Irfin Promotions компаниясымен келісімге келіп, 21 қыркүйекте Алматыда ұйымдастыратын екінші бокс кеші аясында бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келіге дейін) жекпе-жек өткізуге қол қойды. Бұл қазіргі жағдайды дұрыс шешім жәнек екі тарапқа да пайдалы болмақ.
Нұрдос Төлебай - 23 жаста. Ол сөзсіз әлеуеті бар боксшы. Бірақ кәсіби бокста маңызды деңгейге жету үшін барлығы боксшының өзіне байланысты емес. Бұл кәсіби рингтің қатал шындығы.
Өтіп кеткен уақыт?
Егер бәрін өз өз атымен айтатын болсақ, онда Нұрдостың мансабындағы 2 жыл, шыны керек, босқа өтті. 2022 жылдың наурыз айында Алматыда Өзбекстаннан келген Бургут Ходжибаевты (10-9, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді. Сол жылдың қараша айында Алматыда 1-раундта тәжікстандық Якубджон Хакимовты да (0-1) мерзімінен бұрын жеңді. Тәжікстандық боксшы үшін бұл кәсіби рингтегі бірінші және соңғы жекпе-жек болды. Шеберліктің кәсіби өсуі тұрғысынан, әрине, мұндай жекпе-жектер аз нәтиже бере алады.
Осыдан кейін 1 жылдан астам уақытқа созылған үзіліс болды. Алайда 2024 жылдың наурыз айында Алматыда Нұрдос Төлебай үшін Өзбекстаннан келген Джурабай Зокировпен (1-5) болған жекпе-жек өте маңызды болды. Себебі ол шаршы алаңға қайта оралды.
Ең бастысы - жекпе-жек болады!
Тек содан кейін 8 маусымда Шымкентте жаңа қазақстандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бірінші бокс кешінде өнер көрсетуге ұсыныс жасалды.
Егер қазақстандық спортшының алдыңғы қарсыластарымен салыстыратын болсақ, Анусон Тонглуанг – әзірге ең мықты қарсылас. Осыған қарамастан, Нұрдос мүмкіндігін өте тиімді пайдаланды. 21 қыркүйекте бұл ынтымақтастық жалғасын табады. Басқаша болуы мүмкін бе еді? Әрине. Себебі келісімшартқа қол қоюға боксшының немесе оның айналасындағы адамдардың шамадан тыс сұраныстары, сондай-ақ басқа да мәселелер себеп болуы мүкін еді.
Алайда енді бұл туралы ойлаудың қажеті жоқ. Себебі ең бастысы - жекпе-жек өтетін болды! Нұрдос үшін бұл тікелей эфирдегі телевизиялық көрсетілім аясында өтетін бокс кешінде өзін танытудың және боксшыларды жоғары деңгейге көтеруге себепкер болатын адамдардың назарын аударудың жаңа мүмкіндігі!