Жіберіп алмаңыздар – “Түнгі студияда” Айдар Шәрібаев

2017 ж. 5 маусым
Жіберіп алмаңыздар – “Түнгі студияда” Айдар Шәрібаев

Бүгін кешкісін «Қазақстан» ұлттық арнасынан «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен» ток-шоуын жіберіп алмаңыздар. Бағдарлама қонағы – әлем боксының жаңа жұлдызы, «Diamond Ring» промоутерлік компаниясының беткеұстар боксшыларының бірі Айдар Шәрібаев.

«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен» ток-шоуы сағат 23:30-да «Қазақстан» ұлттық арнасында басталады. Жүргізушілер мен боксшының әңгімелері негізінен Америкадағы жекпе-жектер мен сол жақтағы оқу-жаттығу жиыны жайлы өрбіді. Сондай-ақ, Нұрлан Қоянбаев «Diamond Ring» өкіліне қитұрқы, әзіл сұрақтар қойып, бағдарламаның форматына сәйкес ыңғайсыз жағдайға қалдыруға тырысты. Алайда, Айдар бұл сынақтардың барлығынан мүдірмей өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Америкада үш ай оқу-жаттығу жиынын өткізіп, екі жекпе-жек өткізген Айда Шәрібаев екі айқасын да нокаутпен аяқтаған. Елге оралған соң бірден танымал бағдарламаға қонаққа шақырылды.

Текст: Sadvakas Maikibayev