WBSS неге қайта крузервейтті таңдады?

2018 ж. 20 тамыз
WBSS неге қайта крузервейтті таңдады?

Дүниежүзілік бокс супер сериясының үшінші салмақ дәрежесі анықталды. Ұйымдастырушылар биыл тағы ауыр салмақты таңдапты. Неліктен? Оны біз де түсіне алар емеспіз. Бірақ, WBSS шешімін бірге ұғынып көрсек.

Өткен маусымда да Дүниежүзілік бокс супер сериясында ауыр салмақ дәрежесі бойынша турнир өткен. Финалда ресейлік Мурат Гассиев пен украиналық Олександр Усик кездесіп, «Симферопольдік атаман» крузервейттің абсолютті чемпионы атанған болатын. Қазір барлық белбеу Усиктің еншісінде. Тіпті The Ring тұжырымының да чемпиондық атағы украиналықта. Вакантты белбеу қалған да жоқ. Ендеше Дүниежүзілік бокс супер сериясының бұл салмақты таңдау шешімін қалай түсінуге болады?

Ұйымдастырушылар өткен жылы да осы турнирге қатысқан латвиялық Майрис Бриедис пен кубалық Юниер Дортикосты шақырыпты. Сондай-ақ, Ресейден Максим Власовқа да шақырту жіберген екен. Бұлардан бөлек, британиялық Тони Бельюны да осы турнирге қатысады деп үміттеніп отыр. Ал Олександр Усик өткен маусымның жеңімпазы ретінде жобаға қатыспа алмайды.

Тағы бір сұрақ. Егер абсолютті чемпион қатыспайтын болса, онда өзгелер неге таласпақ? Қандай белбеуге?.. WBSS көмегінсіз-ақ карьерасын сәтті жүргізіп, Усикпен жекпе-жек жайлы келісіп те қойған Белью да бұл турнирге қатыспасы анық. Мурат Гассиев те бас тартуы ғажап емес. Ал екінші сұрыптағы боксшылардың жекпе-жектері кімге қызық?

Сондықтан, крузервейт емес, бірінші ауыр салмақ дәрежесін таңдағанда, турнир әлдеқайда қызық болар ма еді?..

Текст: Sadvakas Maikibayev