Туған күнінде де жаттығу залында! Елшат Нығметолла елордада дайындалып жатыр (ФОТО)

2025 ж. 22 қаңтар
Туған күнінде де жаттығу залында! Елшат Нығметолла елордада дайындалып жатыр (ФОТО)
Елшат Нығметолла мен Дәурен Елеусінов

Ringkz.com порталы Елшат Нығметолланың WBA Asia титулы үшін жекпе-жекке дайындығын тамашалап қайтты. Елорда төрінде жаттығып жатқан боксшы туған күніне қарамастан, залдан табылды.

Біз Елшатты Астанадағы жаттығу залдарының бірінен таптық. Ол өзінің бүгінгі туған күніне қарамастан, дайындық қарқынын үдеткен емес.

Барлық жаттығу отандық танымал кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусіновтың жіті бақылауында өтіп жатыр. Ол қазіргі уақытта Елшатты алдағы маңызды жекпе-жекке дайындап, өзінің шетелде жинаған мол тәжірибесін бөлісіп жатыр.

Елшаттың айтуынша, ол осы уақытқа дейін ауыр жаттығулардың бәрін еңсеріп, енді салмақты ретке келтіріп жатыр. Екі айға жуықтаған дайындық мәресіне жетуге таяу, сондықтан қазіргі кезде ол жаттықтырушымен соңғы дайындықтарды өткізуде.

Айта кетейік, 1 ақпанда Таиланд астанасы Бангкокта танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (20-1-0, 7 КО) WBA Asia нұсқасы бойынша 53,5 келіге дейінгі жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін индонезиялық Фласидус Нуноға (10-1-2, 8 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесу 10 раундқа жоспарланған.

Бұған дейін Елшат титулдық жекпе-жекке дайындық барысында ол спарринг-сессия өткізді. Оған қазақстандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясының бас директоры Бақдәулет Төреханов те қатысты. Дайындық барысымен жан-жақты таныс болу үшін "Елшат Нығметолланың WBA Asia титулына дайындығы қалай өтіп жатыр?"" материалымызды оқи аласыздар.

Текст: Аян Алмас