Сойлыбаевтың салмағындағы чемпион белбеуін сәтті қорғады

2018 ж. 25 маусым
Сойлыбаевтың салмағындағы чемпион белбеуін сәтті қорғады

Мексиканың Мерида қаласында өткен жекпе-жек кешінде екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі Мигель Берчельт аргентиналық Джонатан Виктор Барросты нокаутпен ұтып, WBC чемпиондық белбеуін сақтап қалды.

Өткен жылдың шілдесінде британдық Ли Селбиден ұтылып, содан бері шаршы алаңға шықпаған Джонатан Виктолр Баррос үшін бұл 48-ші жекпе-жек еді. Соның 41-інде жеңіске жетіп, бесеуінде ұтылған. Тағы бір кездесуі тең аяқталған болатын. Мигель Берчельтке қарсы үш раундқа да шыдамады. Екінші раундта есін жоғалтқан Баррос үшінші раундта тағы екі рет есеңгіреп, Берчельттің соққыларынан кейін аяғынан тәлтіректеп қалды. Оның жағдайын жақсы түсінген төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, бұл қазақстандық Бекман Сойлыбаев пен Айдар Шәрібаевтың салмағы. Бекман WBC тұжырымы бойынша International чемпионы. Яғни, жақын болашақта мексикалық боксшымен жолдары түйісіп қалуы әбден мүмкін.

Текст: Sadvakas Maikibayev