Промоутерлер бәсекесі. Гассиев пен Дортикостың “қожайыны” кім?
Промоутерлер сериясын одан әрі жалғастырамыз. Бұған дейін біз аса ауыр салмақ дәрежесіндегі алыптардың «қожайындарын» атап өткенбіз. Бүгін ауыр салмақтағы боксшылардың тірлігін жүргізіп, карьерасын жасап жатқан промоутерлерді таныстырамыз.
Әр промоутер икемі мен талғамына қарай салмақтарды қарастыратыны заңдылық. Мәселен, аса ауыр салмақта үздік ондықта жүрген боксшылардың тең жартысы ұлыбританиялық Эдди Хирнге тиесілі болатын. Бірақ, 90 келіде Хирннің белсенділігі тым төмен. Былайша айтқанда осы салмақта үздік жүздікке де кірмейтін Исаак Чемберленнен басқа жөні түзу басқа боксшысы да жоқ.
Ал бұл салмақта америкалық промоутерлердің үстемдігі басым. Солардың ішінде Леон Маргулеске ресейлік Мурат Гассиев те, польшалық Криштоф Гловацки де, кубалық Юниер Дортикос та тиесілі. Иә-иә, Гассиев пен Дортикостың «қожайыны» – Маргулис. Әйтпесе, WBSS жартылай финалынан кейін Дортикостың бөлмесіне барып, бекер жұбатты деп ойлайсыз ба? Оның барлығы Маргулистің маркетингтік жұмысы ғой. Криштоф Влодарчиктің де ісін жүргізіп жүр. Осы жігіттердің күйін келтіріп, бабын баптап жүрген Маргулес 2005 жылы Seminole Warriors Boxing компаниясының атқарушы директоры болып тағайындалған. Кейін осы компанияны толығымен сатып алды. Америкадағы абыройлы промоутерлердің бірі.
Сондай-ақ, ауыр салмақтың нарығында ресейлік промоутерлер де белсенді. Бұлардың қатарында Андрей Рябинский мен Владимир Хрюнов та бар.