Нығметолла – БІРІНШІ, Мәдиев – ЕКІНШІ, Төлебай мен Арманұлы – ҮШІНШІ орында

2025 ж. 11 ақпан
Нығметолла – БІРІНШІ, Мәдиев – ЕКІНШІ, Төлебай мен Арманұлы – ҮШІНШІ орында

Бангкоктағы бокс кешіне бірден төрт қазақстандық боксшының қатысуы олардың өнерін әртүрлі қырынан бағалауға мүмкіндік берді. Бұл жолы BoxRec рейтингісіндегі қазақстандық боксшылардың салмақ дәрежелері бойынша көрсеткіштеріне назар аударайық.

Алдымен 1 ақпанда Бангкоктағы бокс кешінде қазақстандық боксшылар қалай өнер көрсетті, соны еске түсірейік.

Сан мен деректер

Орта салмақта (72,6 кг дейін) Армат Арманұлы (2-1, 1 КО) екінші раундта пәкістандық Хабиб Ур Рехманды (6-2, 5 КО) нокаутпен жеңді.

Бірінші жартылай орта салмақта (63,5 кг дейін) Нұрдос Төлебай (14-0, 10 КО) 8 раундтық жекпе-жекте ирандық Амирхоссейн Арзиді (2-1, 2 КО) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Есеп - 79:73, 79:73, 79:73.

Жеңіл салмақта (53,5 кг дейін) Елшат Нығметолла (21-0-1, 8 КО) WBA Asia белбеуін иеленді. Ол төртінші раундта индонезиялық Фласидус Нуноны (10-2-2, 8 КО) нокаутқа түсірді.

Жартылай орта салмақта (66,7 кг дейін) Руслан Мәдиев (17-2, 6 КО) 10 раундтық айқаста WBA Asia титулын филиппиндік Али Канегиге (11-2-1, 7 КО) қарсы сәтті қорғап қалды. Есеп - 96:93; 96:93; 98:91.

Рейтинг қалай өзгерді

BoxRec-тің жалпы қазақстандық рейтингінде:

Руслан Мәдиев – 8-орында,

Елшат Нығметолла – 9-орында,

Нұрдос Төлебай – 13-орында,

Армат Арманұлы (21 жас) – 30-орында.

Ал рейтингті салмақ дәрежелері бойынша қарастыратын болсақ, жағдай келесідей болады.

Жеңіл салмақта (53,5 кг дейін) 31 жастағы Елшат Нығметолла – сөзсіз көшбасшы.

Жартылай орта салмақта (66,7 кг дейін) 32 жастағы Руслан Мәдиев – 2-орында. Бірінші орында Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО).

Бірінші жартылай орта салмақта (63,5 кг дейін) 24 жастағы Нұрдос Төлебай – 3-орында. Бұл салмақта көшбасшы – Батыржан Жүкембаев (23-1, 17 КО), 2-орында Сергей Липинец (18-4-1, 13 КО).

Орта салмақта (72,6 кг дейін) көшбасшы – IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО), 2-орында Сапарбай Айдаров (8-0, 2 КО), 3-орында Армат Арманұлы.

BoxRec рейтингінде белгілі қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) жоқ, себебі ол соңғы бір жылда жекпе-жек өткізген жоқ. Осы орайда бар болғаны 3 жекпе-жек өткізіп, 21 жасында жоғары орынға көтерілген Армат Арманұлының болашағы зор екенін көрсетеді.