Майки Гарсияның келесі қарсыласы Люк Кэмпбелл болуы мүмкін

2019 ж. 4 сәуір
Майки Гарсияның келесі қарсыласы Люк Кэмпбелл болуы мүмкін

Жеңіл салмақтағы британдық боксшы Люк Кэмпбелл (20-2, 16 KOs) WBC тұжырымының жеңіл салмақтағы чемпионы Майки Гарсияның міндетті қарсыласы.

Келесі аптада титул иегері Гарсия 135 фунтқа (61,235 кг) дейінгі белбеуді қорғау мәселесін шешу үшін  Бүкіләлемдік бокс кеңесінің басшысы Маурисио Сүлейменмен кездеседі. Егер Майки жеңіл салмақтағы мансабын жалғастыратын болса, онда кеңес оның чемпиондық титулын ұйым рейтингісінің көшін бастаған 31 жастағы олимпиада ойындарының чемпионы Люк Кэмпбеллмен кездесуді талап етеді.

Гарсия WBC титулын 2017 жылдың қаңтарында Деян Златичанинге қарсы өткізген жекпе-жекте жеңіп алған болатын. Соңғы рет америкалық боксшы өз белбеуін  2018 жылдың шілдесінде IBF-тің экс-чемпионы кіші Роберт Истермен бірге өткізген біріктірілген белдесуде төрешілер шешімімен қорғап қалған еді. Гарсия алдыңғы екі жекпе-жегін бірінші жартылай орта салмақта өткізген. Ал өткен айда ол алғаш рет жартылай орта салмақта IBF тұжырымының чемпионы кіші Эррол Спенске қарсы шаршы алаңға шығып, кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.