Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы Брэндон Адамс болуы мүмкін

2019 ж. 30 наурыз
Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы Брэндон Адамс болуы мүмкін

Шаршы алаңға қайта оралуы 8 маусымға жоспарланған орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 KOs) потенциалды қарсыласы кім екені белгілі болды.

WBN-нің мәлеметі бойынша, 36 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері Contender реалити шоуының жеңімпазы, 29 жасар америкалық Брэндон Адамспен (21-2, 14 КО) қолғап түйістіреді. Адамстың мансабындағы ең лайықты қарсыласы отандасы, Головкиннің экс-қарсыласы кіші Вилли Монро болған екен. Ол 2014 жылдың мамыр айында төрешілердің бірауыз шешімімен Адамсты жеңген.

Головкин үшін маусымда болатын жекпе-жек DAZN стримингтік қызметімен 6 кездесу үшін миллиондаған қаржыға жасасқан, 3 жылдық келімсімшарт аясындағы дебют болмақ. Сонымен қатар, ол мексикалық жұлдыз Сауль Альвареске қарсы өткізген қыркүйектегі матч-реваншта кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін шаршы алаңға қайта оралады.  Атап өтетіні, «Канелоның» да телесеріктесі DAZN стримингтік қызметі. Бұр серіктестік келешекте екі боксшы арасындағы үшінші шайқасты ұйымдастыруды жеңілдетіні сөзсіз.

 

Текст: Sadvakas Maikibayev