Екі дүркін Олимпиада чемпионы рингке оралады: Қарсыласы өте мықты
Екі дүркін Олимпиада чемпионы әрі бұрынғы әлем чемпионы, кубалық Гильермо Ригондо (22-3, 15 КО) 12 қарашада АҚШ-та жекпе-жек өткізетін болды.
44 жастағы кубалық боксшы Майамиде (АҚШ) өтетін жекпе-жекте WBO European және WBC International титулдарының бұрынғы иегері румыниялық Ионуц Балуцемен (16-5-1, 3 КО) кездеседі. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақ аясында (57,2 келіге дейін) 10 раундқа жоспарланған.
Ригондо жалпы 25 жекпе-жек өткізіп, оның 22-інде жеңіске (15 нокаут) жетіп, тек 3-інде жеңілген. Ал румыниялық Ти-Джей Дохейни, Дэвид Оливер Джойс, Брэд Фостер және Эндрю Кейн сияқты танымал боксшыларды жеңіп үлгерген. Ал Майкл Конлан, Лиам Дэвис және Деннис Макканнға қарсы кездесулері өте тартысты өтті.
Айта кетейік, кубалық атақты боксшы 2000 жылы Сиднейде және 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы болған. Сондай-ақ кәсіпқой рингте екі дивизионды бағындырып, Р4Р рейтингі бойынша үздік 10 боксшының қатарына көтерілген.
Соңғы жекпе-жектері қалай өтті
"Шибөрі" лақап атымен танылған Ригондо соңғы жекпе-жегін 1,5 жыл бұрын өткізді. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылдың маусымында өткен еді. Сол кезде ол Пуэрто-Рико спортшысы Чарли Клементе-Андиноның 7-раундта нокаутқа түсірген болатын.
Ал "Il Capo" лақап атымен шығып жүрген Ионуц Балуце соңғы рет екінші жеңіл салмақта (55,3 келіге дейін) бос болған EBU нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізді. Британиялық Деннис Макканнмен (16-0-1, 8 КО) болған реваншта румыниялық кескілескен шайқас ұйымдастырды.
Бастапқыда панчер Макканн Балуцеге бар басымдықты беріп қойған еді. Сөйтіп жекпе-жектің тек 7-раундта шабуылдарға белсене шығып, ауыр соққылар жасай бастады. Осылайша румыниялық тез шаршап, көп соққы жеберді.
Ал чемпиондық раундтарда екі боксшы да аянып қалмай, өте тартысты жекпе-жек көрсетті. Дегенмен төрешілер шешімі бойынша есеп 120-108, 117-111, 117-111 болып, британиялықтың пайдасына шешілді.