Чемпиондар осылай туады – Қуат Хамитов Шәрібаевқа қолдау көрсетті

2018 ж. 28 сәуір
Чемпиондар осылай туады – Қуат Хамитов Шәрібаевқа қолдау көрсетті

Қазақ жанкүйерлеріне «Найман» деген лақап атпен танымал ережесіз жекпе-жек батыры Қуат Хамитов таяуда чемпиондық айқасында жеңіліп қалған кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаевқа қолдау көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 13 күні АҚШ-тың Индио қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жерлесіміз Айдар Шәрібаев америкалық Эндрю Канчиомен WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуіне таласып, кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған болатын.

– Мағынасыз 10 жеңістен гөрі осындай бір айқас артық. Бәрі алда. Чемпиондар осылай туады, – деп Айдар Шәрібаевтың инстаграмдағы парақшасында Қуат Хамитов қолдау білдірді.

Ал Шәрібаевтың өзі аз-кем демалыстан кейін жақын арада жаттығуға қайта кіріседі.

Текст: Sadvakas Maikibayev