Бекман Сойлыбаевтың логотипі Wild card west залына ілінді

2017 ж. 30 тамыз
Бекман Сойлыбаевтың логотипі Wild card west залына ілінді

Енді Американың әйгілі Wild card west залында қазақтың кәсіпқой боксшысы Бекман Сойлыбаевтың да логотипі ілініп тұратын болады.

Айта кету керек, Wild card west залында картинаңды ілу былай тұрсын, жай ғана жаттығу жасаудың өзі әркімге бұйыра бермейтін бақ. Әлемге мәшһүр болған бұл залда өз кезінде Геннадий Головкин, Сауль Канело Альварес, Хулио Сезар Чавес, Роман «Чоколатито» Гонсалес, Питер Куиллин сынды атақтары жер жаратын боксшылар жаттыққан. Олардың құрметтеріне орай Wild card west әкімшілігі залға әлгі боксшылардың логотиптерін іліп қойған. Енді солардың арасында Бекман Сойлыбаевтың да логотипі сән беріп тұрады.

– Әлбетте, таңдаулылардың арасында менің де болғаным қуантады. Бокстағы жетістіктерімді бағалап, алдағы кәсіпқой карьерама сенім білдіріп отырған Wild card west жетекшілеріне алғыс айтамын. Бұл залдан тек чемпион болып қана шығасың деп жатады. Менің де мақсатым сол. Қазір 13 қазан күні өтетін келесі жекпе-жегіме дайындалып жатырмын. Шаршы алаңға шыққанымша асықпын, – деді бізге Бекманның өзі.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қазанда Бекманды Лос-Анджелесте кезекті чемпиондық айқас күтіп тұр. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 12-ші жекпе-жегі болмақ. Бұған дейінгілердің барлығында жеңіске жеткен. Бүгінде екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуінің иегері.

Текст: Sadvakas Maikibayev