Бекман Сойлыбаев Астанада баспасөз мәслихатын өткізеді

2017 ж. 26 қазан
Бекман Сойлыбаев Астанада баспасөз мәслихатын өткізеді

Diamond Ring промоутерлік компаниясы БАҚ өкілдерін қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың екінші жеңіл салмақтағы WBC International чемпиондық белбеуін сәтті қорғауына байланысты ұйымдастырылатын баспасөз мәслихатына шақырады.

19 қазан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында «Голден бой» промоутерлік орталығымен өткен кәсіпқой бокс кешінде Бекман Сойлыбаев мексикалық Фернандо Варгаспен жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, осы жылдың сәуір айында жеңіп алған екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Сойлыбаев пен Варгас арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастың әйгілі Monte Carlo Resort and Casino қонақүйінде өтіп, оны әлемдегі алпауыт агенттіктердің бірі ESPN телеарнасы тікелей эфирден көрсетті.

Жалпы, бүгінде 27 жастағы Бекман Сойлыбаев кәсіпқой шаршы алаңда 12 айқас өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Төрт қарсыласын нокаутпен жеңген. Еншісінде WBC International және WBA NABA чемпиондық белбеулері бар.

Баспасөз мәслихатының өтетін орны: Астана қ., Тұран даңғылы 19,

Old School Boxing Club («Керемет» кешенінде орналасқан)

Уақыты: 27 қазан, 15:00

Толық ақпарат үшін: +7 777 734 88 10 Әзиз

Текст: Sadvakas Maikibayev