AND NEW! Елшат Нығметолла WBA Asia чемпионы атанды!
Елшат Нығметолла 2025 жылдың 1 ақпанында Таиландтың Бангкок қаласында өткен жекпе-жекте индонезиялық Фласидус Нуноны жеңіп, WBA Asia чемпионы атанды. Отандық боксшы жай жеңіске жетпей, қарсыласын нокаутқа жіберді.
Осылайша талантты боксшы кәсіпқой рингте 21-ші жеңісіне жетті. Ол бұған дейін ұтылып көрмеген. Бұл жеңіс - оның кәсіби мансабындағы маңызды жетістік.
Сондай-ақ Irfin Promotions компаниясының тағы боксшысы Руслан Мәдиев WBA Asia белбеуін қорғап қалды!
Руслан Филиппин елінің боксшысы Али Канегаға қарсы айқасып, 10 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Бұдан бөлек шетелде алғаш рет өнер көрсеткен Армат Арманұлы мен Нұрдос Төлебай да шаршы алаңнан жеңімпаз болып шықты.
Армат орта салмақта (72,6 кг) пәкістандық Хабиб Ур Рехманды 2-раунда нокаутқа жіберсе, бірінші жартылай орта салмақта (63,5 кг), Нұрдос Төлебай ирандық Амирхоссейн Арзиден 8-раундтың қорытындысы бойынша басым түсті.