Алматыдағы бокс кеші: Руслан Мәдиевтің қарсыласы ауысты

2024 ж. 19 қыркүйек
Алматыдағы бокс кеші: Руслан Мәдиевтің қарсыласы ауысты

21 қыркүйек күні Алматыда өтетін чемпиондық жекпе-жекке санаулы күн қалғанда жартылай орта салмақтағы WBA Asia белдігі вакантты болып қалды. Өйткені аталған чемпиондық белдіктің иесі таиландтық Киттисак Клинсон (8-1, 5 КО) сырқаттанып, ауруханаға түсіп қалған. Бұл туралы ақпарат Алматыдағы бокс кешінің ұйымдастырушыларына берілген.

Таиландтық боксшы қазіргі уақытта жаттығуға оралып, жекпе-жекке шығуға дайын емес. Сондықтан Киттисак Клинсон Алматыда жұдырықтаса алмайды. Бірақ жекпе-жек жоспарланған күні, яғни осы сенбіде «Саду Аренада» өтеді.

WBA Asia штаб-пәтерінде таиландтық боксшымен болған жағдай талқыланып, нәтижесінде жартылай орта салмақтағы титул вакантты болып жарияланды. Яғни, 21 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешінде чемпиондық белдіктің жаңа иесі анықталады. Аталған белдікті қазақстандық Руслан Мәдиев (15-2, 6 КО) пен ресейлік Тигран Согоянмен (7-0-1, 4 КО) сарапқа салады.

Бұл туралы ресми хат WBA Asia штаб-пәтерінен 17 қыркүйекте Алматыдағы бокс кешінің ұйымдастырушысы Irfin Promotions-қа жолданған. Хатта былай делінген:

«WBA чемпиондық матчына рұқсат беруге қуаныштымыз.

Күні: 21 қыркүйек, 2024

Өтетін жері: Алматы, Қазақстан

Титул: WBA Asia жартылай орта салмақта (66,7 кг, вакантты)

Қатысушылар: Руслан Мәдиев, үміткер – Тигран Согоян, үміткер

Супервайзер: Вон Ким

Рефери: Чалерм Прайадсаб (Тайланд)

Төрешілер: Серікжан Ешмағанбетов, Бақтияр Жақыпов, Самат Әбен (Қазақстан)…

Сонымен қатар WBA Asia жартылай орта салмақ титулының вакантты болуының себебі былай деп түсіндірілді: «Киттисак Клинсонның денсаулығына байланысты әлем чемпионы титулы вакантты болады».

Азия бокс қауымдастығының ресми хатындағы ақпаратқа сәйкес, жекпе-жектің супервайзері Вон Ким WBA Asia-ның бас хатшысы болады және 21 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешіне қатысады.

Текст: Admin Admin