Айдар ШӘРІБАЕВ әлемдік рейтингте 257 саты жоғары көтерілді!

2016 ж. 1 қараша
Айдар ШӘРІБАЕВ әлемдік рейтингте 257 саты жоғары көтерілді!

Айдар Шәрібаев латинамерикандық боксшымен жұдырықтасқанға дейін, жеңіл салмақтағы тізімде 550-орында тұрған болатын. Ал осы жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, Diamond Ring компаниясының саңлағы 13 ұпай еншілеп, бірнеше саты жоғары өрледі. Қазір Шәрібаев Boxrec рейтингісінде 293-орында тұр. Ал қазақстандық тізімде бірінші орынға шықты (бұған дейін төртінші болатын).

Айдардың қарсыласы болса, ұпайларын ысырап қылып, 146-орыннан 204-орынға сырғыды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде Шәрібаев кәсіпқой бокс рингіндегі төртінші жекпе-жегін өткізіп, бұл жолы да жеңіске жетті. Ол бұған дейінгі үш жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап, айқын басымдық танытқан болатын.

Текст: Sadvakas Maikibayev