Айдар Шәрібаев Бекман Сойлыбаевты жеңісімен құттықтады!

2017 ж. 20 қазан
Айдар Шәрібаев  Бекман Сойлыбаевты жеңісімен құттықтады!

Чемпион болу қиын. Ал сол атақты қорғап қалу оданда қиын екенін жақсы білем. Бекман өзінің нағыз мықты боксшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.   Бауырымды жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл Бекманның ғана емес барша қазақ елінің жеңісі деп білем. Варгастың да тіс қаққан боксшы екені көрініп тұр. Сан соққыларды жіберіп алсада кездесудің аяғына дейін шыдап берді. Бекман жылдамдығын сәл арттырғанда жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталатын еді деп ойлаймын.  Қалай болған күннің өзінде жеңіс бізде.  Бұл тек басы ғана. Бекманның бағындыратын биіктері әлі алда деп білем. Өйткені ол еңбек етуден ешқашан жалықпайды. Ал «ерінбей еңбек еткенге бақыт басын иеді» демеуші ма еді. Осы тұста «Diamond Ring» промоутерлік компаниясына айтар алғысым шексіз! Өйткені барша қазақ жанкүйерлері бұл кездесуді «Хабар» арнасының тікелей эфирінен көруге мүмкіндік алды. Ал кәсіпқой бокс кештерін тікелей эфирде көрсетудің қаншалықты қиын екенін осы АҚШ та жүріп білдім. Сол қиыншылықтарға қарамастан бокс сүйер қауымға үлкен сый жасаған  «Diamond Ring» компаниясы, қаншама қазақ жастарының кәсіпқой боксқа деген қызығушылығын оятты. Сондықтан компания басшыларының алдағы жұмыстарына тек қана сәттілік тілеймін! Бұйырса келер жексенбі де менің де жекпе-жегімді «Хабар» арнасынан көріп қалуларыңыз мүмкін.

 Естеріңізге сала кетейік Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев WBC International чемпиондық белбеуін қорғау үшін Лас Вегаста мексикалық Фернандо Варгаспен қолғап түйістірген болатын. 10 раундқа созылған жекпе-жекте жерлесіміз ұпай санымен жеңіске жетті.

Бекман Сойлыбаев защитил титул WBC International

Текст: Sadvakas Maikibayev