Айдар ШӘРІБАЕВ: БҰЛ МЕН ҮШІН СЫНАҚ

2017 ж. 28 қазан
Айдар ШӘРІБАЕВ: БҰЛ МЕН ҮШІН СЫНАҚ

Айдар дәл қазір қандай күйде екеніңді түсінеміз. Дегенмен жекпе-жек не үшін өтпей қалды? Анық-қанығын өз аузыңнан естісек.

Бірінші кезекте менің жекпе-жегімді асыға күтіп отырған жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Шаршы алаңға шықпай жатып соққы алдық.Өкінішті әрине. Бірақ қолдан келетін шара жоқ. Кездесудің не үшін өтпей қалған себебін бізде соңғы сәтте ғана білдік. Салмақ өлшемес бұрын соңғы дәрігерлік тексерістен өтеміз. Міне осы тұста медицина саласының мамандары Карлос Падильяның денсаулығы жарамайды деп тауыпты.

 Қалайша? Бір апта бұрын тексерістен өтіп, комиссия мүшелері келісім берді емес па?

 Иә Майамиде солай болған. Бірақ Падильяның осы жердегі МРТ сараптама қортындысы алғашқы нәтижесіне сәйкес келмеген. Егер Карлос ауыр соққы алса өміріне қауіп төнуі мүмкін дейді дәрігерлер. Сондықтан ешкім тәуекелге барған жоқ.

Енді не болады?

  Енді бәрін уақыт көрсетеді. Бұл мен үшін кезекті сынақтардың бірі деп қабылдаймын.  Есіңізде болса алдыңғы бір сұхбатымда айтқан едім. Күтуден шаршадым деп. Енді міне тағы да күтуге тура келіп тұр. Қазір менің командам тағы да келіссөздерді бастап кетті. Мүмкін шаршы алаңға келесі аптаның аяғында шығып қалармыз. Шынын айтсам  бірдеңе деуге қорқып қалдым. Бәрі нақты шешілген соң барып естисіздер.

  Өзің айтқандай расында бұл сынақ болар. Сол сынақтардан сүрінбей өтеді деген сенімдеміз!

Көп рахмет. Көпшілік сенімін ақтауға тырысам әрине. Кәсіпқой боксқа келерде, алдыма үлкен мақсат қойдым. Сол мақсатқа жету үшін барлық қиындықтарға қасқайып қарсы тұруға дайынмын!

Текст: Sadvakas Maikibayev