29 тамызда Лондондағы The O2 аренасында жаздың соңындағы ең қызықты бокс кештерінің бірі өтеді. Басты жекпе-жекте Moses Itauma мен Filip Hrgovic ауыр салмақтағы бос тұрған IBF титулы үшін кездеседі. Алайда турнирдің негізгі кардында назар аударуға тұрарлық басқа да айқастар бар.
Moses Itauma — Filip Hrgovic
21 жастағы Итауманың рекорды — 14-0 (12 КО). Жеңіске жетсе, ол Майк Тайсоннан кейінгі ауыр салмақ тарихындағы екінші ең жас әлем чемпионы болуы мүмкін. Хргович — Олимпиаданың қола жүлдегері және британиялық боксшының карьерасындағы ең тәжірибелі қарсылас. Хорватиялық боксшы тек Daniel Dubois-дан жеңілген, содан кейін қатарынан үш рет жеңіске жетті.
Sam Noakes — Denys Berinchyk
Кештің екінші маңызды жекпе-жегінде WBO белбеуіне таласқан екі бұрынғы үміткер кездеседі. Беринчик чемпиондық титулынан айырылып, иығына екі операция жасатқаннан кейін бір жарым жылдан соң рингке оралады. Ноукс жас әрі соққысы қуатты: ол 18 жеңісінің 16-сын нокаутпен аяқтаған. Жеңіліс екі боксшының да жеңіл салмақтағы чемпиондық жарысқа қайта оралуын қиындатуы мүмкін.
Nelson Hysa — Thomas Narmo
Бұл — ауыр салмақтағы тағы бір жекпе-жек. Албаниялық Хюса дивизиондағы жетекші орындарға жақындауға тырысады. Ал бойы ұзын норвегиялық Нэрмо физикалық мүмкіндігі мен ауыр соққыларының көмегімен оның жолын тоқтатуға ниетті.
Constantin Ursu — Ben Vaughan
Жеңіліп көрмеген Урсу полусредний салмақтағы Ұлыбритания және Достастық чемпионы титулдарын қорғайды. Вон екі рет төрешілердің басым дауысымен жеңілген. Сондықтан оның рекорды боксшының шынайы деңгейі мен қауіптілігін толық көрсетпейді.
Guido Vianello — Moses Jolly
Еуропа ойындарының қола жүлдегері және Олимпиада қатысушысы Guido Vianello жеңіліп көрмеген британиялық проспект Moses Jolly-мен кездеседі. Джолли үшін бұл жаңа деңгейдегі сынақ болса, италиялық боксшыға бірнеше қиын жекпе-жектен кейін өз орнын қайта нығайтуға мүмкіндік береді.
Кардтың басты ерекшелігі — ауыр салмақта бірден үш жекпе-жектің өтуі және Беринчиктің рингке оралуы. Бұл кеште жаңа IBF чемпионы ғана емес, болашақ чемпиондық жарыстың бірнеше ықтимал қатысушысы да анықталуы мүмкін.
Негізгі кард 29 тамызда Астана уақытымен шамамен сағат 22:30-да басталады. Итаума мен Хрговичтің рингке шығуы 30 тамызға қараған түні шамамен сағат 02:00-де күтіледі. Тікелей трансляция — DAZN PPV платформасында.