Жаңалықтар

Andy Cruz әлем чемпионы атануға екінші мүмкіндік алды

Andy Cruz әлем чемпионы атануға екінші мүмкіндік алды

Токио Олимпиадасының чемпионы Andy Cruz әлемдік титулға қайта таласады. The Ring мәліметінше, кубалық боксшы 27 қарашада Уфада жеңіліп көрмеген Artur Subkhankulov-пен кездеседі. Жекпе-жекте жеңіл салмақтағы бос IBF белбеуі сарапқа салынады.

Бұл Cruz-дың биыл чемпион атануға жасайтын екінші талпынысы. Қаңтарда ол Raymond Muratalla-дан төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жеңілген еді. Ал шілдеде Abraham Montoya-ны үшінші раундта тоқтатып, жеңіс жолына оралды.

Кейін Muratalla бірінші жартылай орта салмаққа ауысу үшін белбеуін босатты. Енді оның орнын басуға IBF рейтингінде тиісінше үшінші және екінші орында тұрған Cruz бен Subkhankulov мүмкіндік алды.

34 жастағы Subkhankulov кәсіпқой рингте 12 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Алтауын нокаутпен аяқтаған. Биыл ресейлік боксшы Virgel Vitor мен Bakhodur Usmonov-ты мерзімінен бұрын жеңді. Енді оны атақты кубалыққа қарсы әлдеқайда күрделі сынақ күтіп тұр.

Cruz қарсыласының елінде чемпиондық мүмкіндігін пайдалана ала ма? Ал Subkhankulov жеңіліссіз келе жатқан үміткерден әлем чемпионына айнала ала ма?.

Дереккөз: The Ring: Cruz бен Subkhankulov 27 қарашада бос IBF титулын сарапқа салады.

Photo Andy Cruz social mediaRingKZ