Жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионы William Zepeda дивизиондағы барлық негізгі чемпиондық белбеулерді біріктіргісі келетінін мәлімдеді.
«Менің мақсатым – абсолют әлем чемпионы атану. Қарсыласымның кім болатыны немесе жекпе-жектің қашан өтетіні маңызды емес. Кімді қарсы қойсаңыздар да, жеңуге дайынмын», – деді мексикалық боксшы Lamont Roach Jr. үстінен жеңіске жеткеннен кейін.
Zepeda Лас-Вегаста өткен кездесуде WBC ұйымының бос тұрған чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Ол төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті – 117–111, 117–111 және 118–110. Осылайша мексикалық боксшы мансабындағы алғашқы жеңілісін Shakur Stevenson-нан алғаннан кейін қайтадан чемпиондық биікке оралды.
Абсолют әлем чемпионы атану үшін Zepeda-ға тағы үш чемпиондық белбеу қажет. IBF титулы жеңіліп көрмеген Raymond Muratalla-ның еншісінде. Ол дәл сол кеште Robson Conceicao-ны жеңіп, өз белбеуін сәтті қорғады. WBO чемпионы – 22 жастағы Abdullah Mason. Ал WBA белбеуі әзірге бос тұр, себебі Gervonta Davis «демалыстағы чемпион» мәртебесіне ауыстырылды.
Қазіргі таңда ең ықтимал біріктіру жекпе-жегі Zepeda мен Muratalla арасында өтуі мүмкін. Алайда IBF чемпионы салмақ қуу қиынға соғып жатқанын айтып, 63,5 келіге дейінгі бірінші жартылай орта салмаққа ауысуы мүмкін екенін жеткізді. Егер бұл жүзеге асса, онда мексикалықтың басты қарсыласы Abdullah Mason болуы ықтимал.