​Жәнібек Әлімханұлының енді болашағы қандай болмақ?

15 июля 2024 г.
​Жәнібек Әлімханұлының енді болашағы қандай болмақ?

Денсаулық жағдайына байланысты титулдық жекпе-жектен бас тартқан қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы немесе Qazaq style әлеуметтік желіде өз жанкүйерлеріне жүгініп, болашағы туралы айтты, деп хабарлайды RingKZ.

Қуанышта бірге болған жанкүйерлерім, қиындықта да қасымнан табылып жатқанына қуаныштымын. Баршаңызға Алла разы болсын. Тілек, дұғаларыңызға рақмет! Денсаулығым дұрысталды. Қазір барлығы жақсы. Бұйыртса келесі жоспарды ақылдасып жатырмыз! - деп мәлімдеді боксшы.

Айта кетейік, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңа зеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек өтпей қалды. Себебі Жәнібек салмақ қуу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен.

Лас-Вегас қаласында орналасқан Spring Valley медициналық орталығында болғаны туралы боксшы өзі жазды.

Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын! Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында! Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын! Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет!, - делінген жазбада.

Ал бокс туралы жазатын lmgboxfit.com портплының авторы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) денсаулығына байланысты титулды айқастан бас тартқанына қатысты ойын айтты.

Салмақ түсіру неге жаман екенінің бір себебі осы. Салмақ қуудың салдары миды қорғайтын сұйықтықты да азайтып жіберуі мүмкін: денесінде су мөлшері өте төмен боксшыда бас-ми жарақтаны алу ықтималы жоғары. Жекпе-жектен бас тарту - өте дұрыс шешім, бірақ, Әлімханұлына басқа салмаққа өту керек сияқты. Денсаулығына зиян келтірмей салмақ жасай алатын, - дейді автор.

Оқиға қатысты Андрей Михайлович те түсініктеме беріп, бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Ол сондай-ақ өзінің отбасы мен демеушілеріне алғыс сөздерін арнады. Алайда, боксшының айтуынша, оның кәсіби болашағы қазір оған бұлыңғыр болып көрінеді.

Бұл туралы хабарлау оңай емес. Жәнібекпен жекпе-жегімнің болмайтынын білу үшін Лас-Вегасқа бардым. Ол салмақ қуа алмай, ауруханаға түскен екен. Мұндай жағдайда ештеңе істеуге болмайды, - деп қысқа қайырды ол.