Жеңіл салмақтағы ең жас абсолютті әлем чемпионы алғаш рет өз мәртебесін қорғамақ

4 сентября 2021 г.
Жеңіл салмақтағы ең жас абсолютті әлем чемпионы алғаш рет өз мәртебесін қорғамақ
Teofimo Lopez 16-0-0, 12KO. Photo by Top Rank

Беделді The Ring журналының 2020 жылғы Үздік боксшы атағына үміткер Teofimo Lopez (16-0-0, 12КО) австралиялық кәсіпқой боксшы George Kambosos-қа (19-0-0, 10КО) қарсы өзінің абсолютті әлем чемпионы мәртебесін қорғауды жоспарлап отыр. Жекпе-жек өтетін күн әлі ресми түрде жарияланған жоқ, бірақ осы таласты өткізу үшін сауда-саттықты жеңіп алған TRILLER әлеуметтік платформасы осы айға бағытталған мегафайтқа жарнамалық науқанды бастап кетті.

Teofimo Lopez қазіргі уақытта 61,235 келіге дейінгі жеңіл салмақтағы негізгі чемпиондық: WBC Franchise Дүниежүзілік бокс кеңесі, WBA Super Дүниежүзілік бокс қауымдастығы, WBO Дүниежүзілік бокс ұйымы және IBF Халықаралық бокс федерациясының белбеулеріне ие. Ол бұл мәртебеге өткен жылдың қазан айында, аты аңызға айналған екі дүркін Олимпиада чемпионы, үш салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Василий Ломаченкоға (15-2-0, 10КО) қарсы жекпе-жекте ие болған болатын.
{image:1921}
Ломаченко болса, осы жеңілістен кейін рингке оралып, тоғызыншы раундта жапондық Masayoshi Nakathani-ді (19-2-0, 13КО) нокаутпен жеңіп, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Richard Commey-ге (30-3-0, 27КО) қарсы тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

Кәсіби бокстың көптеген сарапшылары, 2022 жылы Lopez VS Lomachenko 2 реванш өткізеді деп болжайды. Бірақ бұл үшін Teofimo өршіл австралиялық George Kambosos-қа қарсы емтиханнан сәтті өтуі қажет. Лопез бен Ломаченконың жекпе-жектерінің жарнамалық бейнелерін сілтеме бойынша БЕЙНЕ қосымшасынан көруге болады:https://ringkz.com/ru/video.