Өзбекстанның атақты боксшысы Мадримов америкалық Ортистен жеңіліп қалды

23 февраля 2025 г.
Өзбекстанның атақты боксшысы Мадримов америкалық Ортистен жеңіліп қалды
Фото: Getty Images

Ақпанның 22-нен 23-іне қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында жартылай орта салмақта WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өтті.

Рингке америкалық Вирджил Ортис (23-0, 21 КО) пен өзбекстандық Исраил Мадримов (10-2-1, 7 КО) шықты.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жетіп, төрешілер шешімімен Ортис жеңімпаз деп танылды.

Жекпе-жек барысында өзбек боксшысы негізінен екінші номерде жұдырықтасып, қарымта шабуылдарға жиі шығып отырды. Тіпті, жетінші раундта ауыр соққыларын дарытып, Ортисті айтарлықтай тығырыққа тіреді. Ал, оныншы раундта аяқта нық тұрып төбелесіп, қос боксшы соққылар сериясымен алмасты.

Төрешілер Ортистің пайдасына 117:111, 115:113, 115:113 деген есеп тіркеді. Сөйтіп, америкалық WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы белбеуін сақтап қалды.

Айта кетейік, Исрали Мадримов бұған дейін алғашқы орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған. Былтыр ол әлемнің ең мықты боксшыларының бірі саналатын Теренс Кроуфордтан (АҚШ) жеңіліп, бұл титулынан айрылды.

Еске салсақ, «Монстр» деген лақап атпен танымал өзбекстандық әуесқой бокста қазақстандық Данияр Елеусіновте жеңілген. Нақтырақ айтсақ, 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен жазғы Азия ойындарының финалында есе жіберген.

Дегенмен, 2018 жылы Джакартадағы Азия ойындарында тағы бір қазақстандық Асланбек Шымбергеновтен басым түскен.