​Жастардың жарқын жеңісі: Боксшыларымыз Азия чемпионатында 22 алтын медаль жеңіп алды

23 мая 2025 г.
​Жастардың жарқын жеңісі: Боксшыларымыз Азия чемпионатында 22 алтын медаль жеңіп алды

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U-22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша қыздарымыз финалдық жекпе-жектің барлығында чемпион атанды.

Аға жаттықтырушы Жанкелді Ахметовтың шәкірттері 12 алтын жүлдені қоржынға салды:

  1. 48 келі. Айым Танкибаева.
  2. 50 келі. Сила Биболсынқызы.
  3. 52 келі. Рахмина Абдумежитова.
  4. 54 келі. Жанель Имантаева.
  5. 57 келі. Ақнұр Тұрсынғали.
  6. 60 келі. Толғанай Қасымхан.
  7. 63 келі. Алина Құдайгенова.
  8. 66 келі. Ақбота Есімбекова.
  9. 70 келі. Мария Сидоренко.
  10. 75 келі. Зарина Толыбай.
  11. 81 келі. Құралай Егінбайқызы.
  12. +81 келі. Сабина Жақсылық.

Сондай-ақ жастар арасындағы (2007-2008 жылы дүниеге келген) 25 салмақ бойынша (13 ұл және 12 қыз) жеңімпаздардың есімі белгілі болды. Ұлдардың арасынан 11 боксшымыз финалда жұдырықтасып, 10 алтын медаль алды. 86 келідегі Нұрсұлтан Қыстаубай қола жүлдегер атанса, 71 келіде жүлде бұйырмады.

Азия чемпионатының чемпиондары:

  1. Нұрхан Құмарбеков (48 келі).
  2. Досымжан Таңатар (51 келі).
  3. Алдияр Бахадүр (54 келі).
  4. Нығман Нығмет (57 келі).
  5. Әділет Тортубек (60 келі).
  6. Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 келі).
  7. Сұлтан Тұрдалы (67 келі).
  8. Игорь Соловьёв (80 келі).
  9. Расул Асанханов (92 келі).
  10. Бексұлтан Қайратұлы (+92 келі).

Азия чемпионатының күміс жүлдегері:

  1. Жасұлан Бердалы (75 келі).

Азия чемпионатының қола жүлдегерлері:

  1. Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі).

Алтын медаль саны бойынша жалпы көрсеткіш:

  1. Қазақстан – 22 алтын.
  2. Тәжікстан – 2 алтын.
  3. Қырғызстан – 1 алтын.

Салыстырмалы түрде 2024 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында жастарымыз 11 алтын (қыздар – 6, ұлдар - 5 ) еншілеген еді.

Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$, 3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.