WBC Internаtional чемпионы елге оралды
Лас-Вегаста жекпе-жек өткізіп, екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBC Internаtional чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған Бекман Сойлыбаев елге оралды.
Екі жарым айдай Лос-Анджелесте әйгілі Эрик Браунның қарамағында жаттығып, 20 қазанда Golden Boy Promotion ұйымдастырған кәсіпқой бокс кешінде мексикалық Фернандо Варгаспен айқасқан Бекман Сойлыбаев төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, , екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBC Internаtional чемпиондық белбеуін сәтті қорғап шықты. Қапталдағы реферилер 100:90, 99:91, 98:92 нәтижелерін тіркеді.
Бұл оның кәсіпқой шаршы алаңдағы 12-ші айқасы болатын. Бұған дейінгілердің барлығында қарсыластарынан басым түсіп, төртеуінде нокаутпен жеңіске жеткен.
Бекман Сойлыбаев пен оның бапкер-ассистенті Бауыржан Ізтілеуов мінген ұшақ Елордамыздың Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайына таңғы сағат 5:45-те жетті. Қашанда қарапайымдылыққа жаны құмар Бекман елге ешкімге айтпастан жетіп алыпты.
Енді ол келесі жекпе-жегін 2018 жылдың көктемінде өткізуі тиіс.