WBA атағы үшін жекпе-жек - ЧЕМПИОН АЛМАТЫҒА КЕЛЕ ЖАТЫР
21 қыркүйекте Алматыда WBA Asia чемпиондық атағы үшін жекпе-жек өтеді. Осы орайда қазақстандық Руслан Мәдиевпен рингке шығатын Киттисак Клинсон кем дегенде психологиялық қысым көрсете алатын шешім қабылады.
Хошиминдегі келіссөздер
WBA Asia атағы үшін 66,7 келіге дейінгі жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 21 қыркүйекте Алматыда Irfin Promotions қазақстандық промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінің басты оқиғасы болатыны белгілі. Қазіргі уақытта жартылай орта салмақтағы WBA Asia чемпионы - тайландтық Киттисак Клинсон (8-1, 5 КО). Алматыда ол өз белбеуін қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиевке (15-2, 6 КО) қарсы қорғауы тиіс. Жекпе-жек форматы - 10 раунд.
Irfin Promotions бас директоры Бағдәулет Төрехановтың айтуынша, 9-11 тамыз аралығында Вьетнамның Хошимин қаласында өткен WBA Asia конвенциясы барысында Алматыда өтетін бокс кешіне қатысты бірқатар кездесулер өтті. Осындай келіссөздің бірі Киттисак Клинсонның промоутерімен болды. Талқылау барысында титулдық жекпе-жек шарттары бойынша келісімдерге қол жеткізілді.
Ресми келісім
Бірақ ең қызығы, WBA Asia ұйымдастырушыларға титулдық жекпе-жектің төрешілерінің бірі Киттисак Клинсонның отандасы болатыны туралы хабарлады. Бұған қоса нақты судья аталған, ол – Чалерм Прайадсаб.
Тайланд судьясының бастамасы кімнен шыққанын болжау үшін детектив болудың қажеті жоқ. Айтпақшы судьяның келу шығындары ұйымдастырушыларға артылған. Сонымен қатар оның әуе билеттері төленіп қойылған.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Чалерм Прайадсабты судья ретінде WBA Asia Бас хатшысы Вон Ким тағайындады. Ол, айтпақшы, Алматыдағы бокс кешінде титулдық жекпе-жектің жетекшісі болады.
Отандасың төреші болса...
Қызық деталь - Киттисак Клинсонның соңғы жекпе-жегі 4 мамырда Қытайда жергілікті боксшы Мин Нюоға қарсы өтті. Онда да судьялардың бірі тайландық Проммасе Чакшуракша болды. Қалған екеуі Қытайдан болған еді.
10 раундтық кездесу қорытындысы бойынша тайландық боксшы төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 98:91, 94:95, 95:94. Бір қызығы, Клинсон ең көп ұпайды өзінің отандасынан алды.
Жалпы, Чалерм Прайадсабтың отандасына, былайша айтқанда, үлкен құрметпен қарайтынын жоққа шығаруға болмайды. Бұл жағдай Руслан Мәдиевті алдағы титулдық жекпе-жекке барынша байсалды дайындалуға ынталандыруы керек. Тайландық тараптың іс-әрекетіне қарап, ол жеңісті жайдан-жай бермейтінін байқауға болады және Киттисак Клинсон Алматыға өз атағын қорғауға келеді. Сондықтан қазақстандық боксшыға барынша дайындалып, шайқасқа болуы қажет.