Токиодағы чемпиондық жекпе-жек Елшат Нығметоллаға жаңа мотивация

Кәсіпқой бокста «Қазақ жауынгері» лақап атымен өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (20-0-1, 7КО) кезекті белесті бағындыруға дайын.
24 ақпанда Жапония астанасы Токиода өткен бокс кешінде Елшат өнер көрсететін 53,5 келіге дейін салмақтағы үш қызықты жекпе-жекке куә болдық. Қатысушылардың барлығының деңгейі жоғары. Осы жігіттердің біреуі алдағы уақытта Нығметоллаға қарсылас атанып қалуы ықтимал.
Теншин Насукава – Джейсон Молони
26 жастағы жапониялық Теншин Насукава (6-0, 2 КО) Токиодағы кеште өзінің кәсіпқой рингтегі алтыншы кездесуін ғана өткізді. Соған қарамастан мамандар оның болашағына үлкен сеніммен қарап отыр. Насукава да бұған лайықты жігіт. Осы жолы ол аустралиялық
Джейсон Молонимен(27-4, 19 КО) бокстасты. Тартысты жекпе-жектің куәсі болдық. Насукаваның мұрны сынды. Алтыншы раундта кезекті соққылардың бірінен соң нокдаун алып қала жаздады. Дегенмен жапония спортшысы жеңісті жұлдып алды. 10 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті– 97:93; 97:93; 98:92.
Теншина Насукаваның техникалық арсеналы бай әрі жылдам боксшы екенін байқадық.
Сеия Цуцуми – Даиго Хига
Одан кейін WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионыСеия Цуцуми (12-0-3, 8 КО) мен жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Даиго Хиганың(21-3-2, 19 КО) кездесуі өтті.
Бастапқы раундтарда қарсыластар бір-бірін аңдысумен өткізді. Соққыларын тексеріп көрді. Ал төртінші раундта екеуі бір-бірімен баспен соғысып қалды. Соның салдарынан Цуцуми жарақат алды.
Алтыншы раундтан бастап, боксшылар нағыз айқасқа кірісті. Бір-бірін аямай ұруға тырысты. Тоғызыншы раундта раундта Хига қарсыласын басынан сол жақ соққысымен нокдаунға түсірді. Бұл қайта Цуцумиге қамшы болып тиді. Қарымта шабуылға көшті. Сөйтіп Сеия да қарсыласына бір нокдаун берді. Хиганың одан кейін жауап қайтаруға қарқын болмады. Жеңілістен гонг үні құтқарып қалды.
Төрешілер 12 раундтың қорытындысы бойынша 114:114, 114:114, 114:114 есебімен тең нәтиже тіркеді.
Осылайша, Сеия WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Бұл екеуінің осымен екінші жекпе-жегі. Бұған дейін 2020 жылы да тең түскен еді.
Джунто Накатани - Дэвид Куэллар
Токиодағы бокс кеші 53,5 келі салмақ дәрежесінде WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы жапондық Джунто Накатани (30-0, 23 КО) мен мексикалық Дэвид Куэльяр (28-1, 18 КО) арасындағы жекпе-жекпен аяқталды. Осы салмақ дәрежесі бойынша BoxRec рейтингінде Накатани бірінші орында, Куэльяр бесінші орында тұр.
Мексикалық боксшы аса қатты барлау жасамай-ақ бірден шабуылға көшкен. Бірақ онысы өзіңе кері әсерін тигізді. Қарымта шабуылда ұтымды шешімдер қабылдаған жапон жігіті қарсыласын үшінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.
Сөйтіп Накатани WBC белбеуін осымен үшінші рет қорғады. Ол бұл атақты 2024 жылы ақпан айында Алехандро Сантьягомен өткен жекпе-жекте жеңіп алған.
Айта кетейік, Елшат Нығметолла жақында Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде индонезиялық Фласидус Нуноны (10-1-2, 8КО) нокаутқа жіберген. Соның арқасында WBA Asia титулын жеңіп алды.
Айта кетерлігі, Елшат Нығметолла кәсіпқой бокста 2019 жылдан бастап Қазақстанның намысын қоғап жүр.
31 жастағы спортшы 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.
Токиодағы бокс кеші Елшатқа жаңа қарсылас қарауға мүмкіндік деп ойлаймыз.