Алматыдағы бокс кешіне қатысуға тағы бір қазақстандық боксшы келісім берді
21 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешіне қазақстандық қатысушылардың тізімін қалыптастыру аяқталып келеді.
Жаңа мүмкіндік
Алматыдағы бокс кешіне қатысуға 20 жастағы алматылық Армат Арманұлымен келісімшартқа қол қойылды. Ол екінші орта, яғни 76,2 келіге дейін салмақ дәрежесінде шығады.
Кәсіби рингте Армат жақында, нақты айтқанда, 8 маусымда Шымкентте өткен бокс кешінде дебют жасады. Сол кезде Ресейден келген тәжірибелі Никита Горшковпен (6-1, 1 КО) кездесіп, 4 раундтың қорытындысы бойынша жеңіліс тапты. Тең әрі өте бәсекелі жекпе-жекте төрешілердің екеуі жеңісті Горшковқа берсе, үшіншісі кездесу тең аяқталды деген пікірде болды.
Жеңіліске қарамастан, қазақстандық өзінің өте дарынды боксшы екенін және биік белестерге жете алатынын барынша көрсетті. Жекпе-жекті тамашалаған көптеген мамандар айтуынша, оны алда жарқын болашақ күтіп тұр. Ендеше Алматыдағы бокс кеші Арматқа өзін дәлелдеуге және өзі туралы оң пікірді бекітуге жаңа мүмкіндік болмақ.
Атақты шеберлер мен жас таланттар
Армат Арманұлы 21 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешіне қатысуға келісімшарт жасаған төртінші қазақстандық боксшы болды.
Бұған дейін Руслан Мәдиев (15-2, 6 КО) пен Елшат Нығметолла (19-0-1, 6 КО) сияқты танымал қазақстандық боксшылар, сондай-ақ 22 жастағы Әлішер Әбдуәлім (1-0, 1 КО) өз келісімн берген еді. Әлішер 8 маусымда Шымкентте өткен бокс кешінде кәсіби рингтегі алғашқы жеңісінде техникалық нокаут жасаған болатын.
Өздеріңіз білетіндей, Руслан Мәдиев бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келіге дейін) өнер көрсетеді, бірақ салмақ дәрежесі бойынша 66,7 келігей дейін көтерілуі мүмкін.
Қытайдың тумасы, қазір Қазақстан атынан шығып жүрген Елшат Нығметолла жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін) бокстасады. Арманұлы мен Әбдуәлім сияқты, ол 8 маусымда Шымкентте өнер көрсетіп, 6 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұпай бойынша сенімді жеңіске жетті.
Ал Әлішер Әбдуәлім 69,9 келіге дейінгі бірінші орта салмақта бақ сынайтын боксшы.
Ендігі кезек шетелдік боксшыларда
RingKZ порталына белгілі болғандай, шаршы алаң иелері құқығында өнер көрсететін тағы 4 боксшымен келісімшарт қол қою мәселесі шешіліп жатыр. 21 қыркүйекте Алматыда бокс кешінде барлығы 8 жұп болатынын айта кетейік.
Айтпақшы, жекпе-жекті ұйымдастырушы отандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшылардың қарсыластарын да атауға дайын. Сондықтан жаңа боксшылар туралы жаңа ақпарат порталымызда шығатын болады.