Спенс-Гарсия, Бивол-Смит, Гвоздик-Энгумбу. Наурыз айының басты кездесулері

1 марта 2019 г.
Спенс-Гарсия, Бивол-Смит, Гвоздик-Энгумбу. Наурыз айының басты кездесулері

DR қазақстандық порталы өз оқырмандарына 2019 жылдың наурыз айына жоспарланған 5 үздік бокс кешінің күнтізбесін ұсынады.

9 наурыз, Верона (АҚШ)

Дмитрий Бивол (28 жас, Ресей; рекорд 15-0, 11 KOs) VS Джо Смит (29 жас, АҚШ; рекорд 24-2, 20 KOs) — WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта әлем чимпиондығы үшін өткізілетін жекпе-жек (Биволдың 4 мәрте қорғауы)

Қос боксшы Верона қалашығындағы (Нью-Йорк штаты, АҚШ) Turning Stone аренасында қолғап түйістіреді. WBA-дің жартылай ауыр салмақтағылар рейтингісінің 8-ші орнында тұрған 26 жастағы қарсыласымен өткізетін бұл кездесуде 28 жастағы ресейлік боксшы Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (World Boxing Association) чемпиондық атағын 4-ші рет қорғамақ. Белбеуді Дмитрий 2017 жылдың қазан айында аустралиялық Трент Броадхерсті нокаутқа түсіріп, жеңіп алған. Бұған дейін Бивол өз олжасын канадалық Жан Паскальдан, малавиялық Айзек Чилембадан және кубалық Салливан Баррердан қорғаған болатын. Бұл кездесулердің үшеуін де ол алдыңғы жылы өткізген. Смит үшін Биволмен болатын шайқас дебюттік тайтлшот болмақ. 2018 жылы ол шаршы алаңға бір ғана рет шыққан. Ауыр салмақтағы боксшы маусымда 39 жастағы жерлесі Мелвин Расселлді нокаутқа түсірген болатын.

9 наурыз, Верона (АҚШ)

Морис Хукер (29 жас, АҚШ; 25-0-3, 17 KOs) VS Миккель Лепьер (33 жас, АҚШ; 21-0-1, 10 KOs) — WBO тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта әлем чемпиондығы үшін өтетін жекпе-жек (Хукердің 2 рет қорғауы)

Бивол мен Смит жұдырықтасатын кеште WBO тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта әлем чемпиондығын сарапқа салатын Морис Хукер мен ұйым рейтингісінің 14-ші орнында тұрған Миккель Лепьер де қолғап түйістіреді.

Хукер бұл чемпиондық атақты өткен жылдың маусымында британдық Терри Флэнаганадан төрешілер шешімімен жеңіп алған болатын. Морис одан кейін белбеуін қараша айында Америка елінің өкілі Алек Сауседоны 7 раундта нокаутқа түсіріп қорғап қалған. Лепьер титулдық жекпе-жекке үміткер ретінде алғаш шығып, 12 раундтық белдесу өткізбек.

9 наурыз, Карсон (АҚШ)

Шон Портер (31 жас, АҚШ; рекорд 29-2-1, 17 KOs) VS Йорденис Угас (32 жас, Куба; рекорд 23-3, 11 KOs) — WBC тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпиондығы үшін өткізілетін жекпе-жек (Портердің 1-ші мәрте қорғауы).

WBC тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта чемпиондық титул иегері, америкалық Шон Портер өзінің міндетті қарсыласы, кубалық Йорденис Угаспен өткізетін шайқаста өз белбеуін алғаш рет қорғамақ. Қарсыластар Карсондағы (АҚШ) Dignity Health Sports Park аренасында шаршы алаңға шығады.

Америкалық боксшы өткен жылы жалғыз кездесу өткізген. Ол қыркүйек айында Кит Турманның жарақат салдарынан қайтарып берген белбеуін отандасы Дэнни Гарсиядан төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп алған.  Сол кеште Угас аргентиналық Сесара Баррионуэвоны ұпай санымен тізе бүктірген. 2018 жылы жартылай орта салмақтың мықтысы, кубалық былғары қолғап шебері екі сәтті жекпе-жек өткізді. Ол америкалық Рэй Робинсон мен доминикалық джорнимен Джонатан Батистаны мерзімінен бұрын жеңген.

16 наурыз, Арлингтон (АҚШ)

Кіші Эррол Спенс (29 жас, АҚШ; рекорд 24-0, 21 KОs) VS Майки Гарсия (31 жас, АҚШ; рекорд 39-0, 30 KОs) — IBF тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпиондығы үшін өткізілетін жекпе-жек (Спенстің 3-ші рет қорғауы)

Жартылай орта салмақта рay-per-view титулдық жекпе-жегі америкалық шағылмаған «жаңғақ» кіші Эррол Спенс пен Майки Гарсия арасындағы Арлингтонның (АҚШ) AT&T аренасында өтетін бокс кешінің айтулы оқиғасы.Мегафайтта тек IBF-тің чемпиондық белбеуі ғана емес, WBC тұжырымы бойынша «алмаз» титул да сарапқа салынады.

147 фунтқа дейінгі (66,678 кг) салмақта әлем чемпионы Спенспен жұдырықтасу үшін Гарсия өз салмағынан 2 есе жоғары салмақ дәрежесіне көтеріледі. Бүгінгі күні Гарсия төрт дивизион бойынша чемпиондық атақты иеленген. 2018 жылдың мамырында Р4Р рейтингісін реттеушілер бірінші жартылай орта салмақта IBF  чемпиондық белбеуін  ресейлік Сергей Липинец қайтарып алған еді. Гарсия болса, өткен жылдың шілдесінде отандасы кіші Роберт Истерге қарсы өткізген жекпе-жекте жеңіп алған осы ұйымның жеңіл салмақтағы белбеуін желтоқсан айында босатқан. WBC-дің жеңіл салмақтағы айтулы титулы бұрынғыша Майкидің еншісінде. Өз кезегінде, Спенс 2017 жылдың мамырынан бері – чемпион. Өткен жылы Эррол өзінің атағын отандасы Ламант Питерсон мен мексикалық боксшы Карлос Окампоны мерзімінен бұрын жеңіп, екі мәрте қорғаған.

30 наурыз, Филадельфия (штат Пенсильвания, АҚШ)

Александр Гвоздик (31 жас, Украина; 16-0, 13 KOs) VS Доудоу Энгумбу (37 жас, Франция; рекорд 38-8, 14 KOs) — WBC тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта әлем чемпиондығы үшін өткізілетін жекпе-жек (Гвоздиктің 1-ші рет қорғауы)

Ағымдағы айдың соңғы жекпе-жегі WBC-дің жартылай ауыр салмақтағы чемпионы, украиналық Александр Гвоздиктің рингке қайта оралуымен есте қалмақ. Ол өзінің титулын Франция елінің боксшысы Доудоу Энгумбуге қарсы шаршы алаңға шығып, алғаш рет қорғамақ. Бұл кездесу Филадельфия қаласындағы (штат Пенсильвания, АҚШ) 2300 аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болмақ.

Гвоздик бұл белбеуді осыдан 3 ай бұрын көптеген жылдар бойы иелік еткен Адонис Стивенсонды 11-ші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіп алған болатын. Нокаутқа түскен канадалық былғары қолғап шебері ауруханаға түсіп, содан бері ауыр халде. 37 жастағы Энгумбу WBC-дің жартылай ауыр салмақтағылар рейтингісінде 8-ші орында. Француздың алғашқы тайтлшоты осыдан жеті жыл бұрын болған. Бірақ, ол кездесу отандасы Наджиб Мохаммедидің пайдасына шешілген еді. 2017 жылдың желтоқсанында Гвоздиктің болашақ қарсыласы IBO тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін бағын сынаған болатын. Алайда, төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен Игорь Михалкинге есе жіберіп, белбеуді ресейліктің еншісінде қалдырған.