САМҒАУ ӘЛДЕ ТОҚЫРАУ? Сұлтан Зәуірбектің болашағы қандай болмақ
Сұлтан Зәуірбек өз жұмысын жарқын әрі нәтижелі атқарды. Осыған орай бұған дейін де қойылған сұрақтар қайта туындайды: қазақ боксшысын промоушны оны шын мәнінде жоғары деңгейге шығаруға қабілетті ме?
Басталған бойда бітті
Екінші жеңіл салмақ (59 келіге дейін) сынға түскен қазақстандық Сұлтан Зәуірбек (18-0, 13 КО) 21 маусым күні Болтон қаласында кәсіпқой мансабындағы 18-ші жекпе-жегін өткізіп, 18-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы ол аргентиналық Роман Рейносодан (22-5-2, 10 КО) басым түсті.
Оның үстіне жекпе-жек бірінші раундта-ақ тоқтатылды. Техникалық нокаутпен тағы да жеңіске жету үшін Сұлтанға 2 минуттан аз уақыт қажет болды.
Жеңіске апарар жол...
Алдымен Сұлтан қарсыласын бауыр аймағынан сол жақтан ұрды, Роман амалсыз тізе бүкті, бұл – нокдаун. Төреші есепті ашып, «5» санына жеткенде, Санчес орнынан тұрмай тұрып, есін жиып алу үшін аузындағы капасын тастай салды. Егер бұл нағыз қулық болса, онда ол аргентиналыққа еш көмектеспеді.
Себебі жекпе-жек қайта басталған бойда тағы тоқтатылды. Қазақстандық боксшының жасаған алғашқы соққысы екінші рет нокдаунға алып келді. Тағы да, бауырына соққы алған Санчес тізесіне отыруға мәжбүр болды. Осыдан кейін аргентиналық жақындауға тырысып, тіпті қысым көрсетуге оқталды, бірақ Сұлтан ұзын бойы дұрыс пайдаланды. Әйтсе де, Санчес тағы да бауырына соққы алды(!). Шамасы, бұл соққы алдыңғыларға қарағанда күштірек болды. Санчес етпетінен жатып, рингте домалап кетті. Жекпе-жек сонымен тоқтатылды. Секундомер ол кезде 1 минут 41 секунд деген уақытты көрсетіп тұрған еді.
Танкке күрекпен қарсы шықты
Сұлтанға лайықты бағасын бере отырып, ол өз жұмысын тамаша орындағанын айта кетейік. Дегенмен бұл жекпе-жек қазақ боксшысының нағыз күші туралы сұраққа жауап бере алмайтынын мойындауымыз керек. Өйткені Роман Рейносо мықты қарсыласқа ұқсамайды.
Иә, ол қорғаныста отырмай, қысым көрсетуге тырысты, бірақ бұл күрек алып танкке шапқандай болды. Екі боксшының да шеберлік деңгейі жер пен көктей көрінді.
Жекпе-жек алдында Рейносо кәсіпқой бокс туралы беделді статистикалық порталдың рейтингінде 285-ші, ал одан кейін 369-шы орынды иеленді. Қазақстандық қарсыластың, былай айтқанда, деңгейі жоғары болмағанын BoxRec-тің бұл жекпе-жекке бес жұлдызды шкала бойынша бір ғана жұлдыз бергені де растайды.
Бір орында тұруға мәжбүрлі ме?
Ең бастысы бұл жекпе-жек емес. Себебі көңілге тиетіні Сұлтанның 18 кездесуінің тек біреуі ғана BoxRec-тен екі жұлдызға ие болды. Бұл 2020 жылы Алматыда болды. 2022 жылдың сәуір айынан бастап ол жекпе-жектерін Ұлыбританияда өткізіп жүр. Рейносоны қосқанда бұл британдық рингтегі қатарынан 6-шы жекпе-жек. Олардың 5-і BoxRec-тен бір жұлдыз алды, ал 1-і тіпті жұлдызға да ие болмады. Жалпы, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой рингте жүргеніне көп уақыт болғанымен, яғни 2018 жылдан бері, ол әлі, тіпті, орташа боксшылармен қарсыласып көрген жоқ.
Бұл дегеніңіз қазақстандық боксшы қауіпті тұзаққа түсіп қалуы мүмкін. Бір жағынан, ол өз мүмкіндіктерін қате бағалауы мүмкін. Екінші жағынан, бәріне белгілі нәрсе, шеберлік тек күшті қарсыластармен бетпе-бет келгенде ғана шындалады. Әйтпесе, бұл уақытты құр өткізіп, бір орында туралап қалу (жақсы жағдайда)...