Руслан Мадиев титулды қорғау алдында болған қиындықтары туралы айтты
Өткен демалыс күндері Бангкокта (Таиланд) кәсіби бокс кеші өтті. Оның басты жекпе-жегінде қазақстандық Руслан Мәдиевтің жартылай ауыр салмақта WBA Asia чемпиондық атағын сәтті қорғап қалды. Спортшы өзінің 17-ші жеңісіне қалай жеткенін баяндап берді.
Мәдиев филиппиндік Али Канегамен жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Барлық үш төреші 96-93 есебін көрсетіп, жеңісті отандасымызға берді.
«Барлығы жақсы, бірауыздан жеңдік. Біз тек жеңіс үшін келдік. Ең бастысы, белбеумен қайтып кетеміз. Дайындық жақсы өтті, 2 айға жуық дайындалдық. Қарағандыда көп адам ауырып жатыр, Астанада күн суық. Сөйтіп кездесуге 6 күн қалғанда суықтап, ауырып қалдым. Инъекциялар жасадым, антибиотиктер қабылдадым, ал бұл шыдамдылыққа әсер етпей қоймайды. Жекпе-жек алдында дене қызуым 37 градус болды. Ең бастысы, шаршы алаңға шықтым, бірақ өзімді 100 пайыз көрсете алмадым. Қарсылас та жақсы, оның кәсіби мектебі бар, нағыз батыр екен», — деді Мадиев.
Еске сала кетейік, Руслан өз мансабын Геннадий Головкиннің командасында Калифорнияда (АҚШ) бастап, кейін Golden Boy Promotions-пен келісімшартқа отырған.
Қазіргі уақытта оның мүддесін отандық Irfin Promotions компаниясы қорғайды. Руслан 2024 жылы Алматы мен Шымкентте екі бокс кешін өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен болатын.